Реті:23
Пән: алгебра
Сынып: 7 ә 7в
Күні: __12.10______ 11.10___
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Көпмүшелерді және олардың стандарт түрінде жазылуын білу, оларға қосу және азайту амалдарын қолдана білу.
2. Дамытушылық: Көпмүшелерге қосу және азайту амалдарын қолдануды машықтандыру.
3.Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ
Сабақ барысы: І Мотивациялық кезең:
1) Сәлемдесу
2) Оқушылар тізімін тексеру
3) Сабақтың мақсатымен таныстыру
4) Оқушылардың сұрақтарына жауап беру, талдау.
5) Практикалық бекіту
6)Үйге тапсырма беру
7) Қорытындылау, бағалау
Қайталауға арналған сұрақтар. /Бірмүшелер бойынша/
Анықтама1: Сандардан, айнымалылардан және олардың дәрежелерінен көбейту
амалы арқылы құрастырылған өрнекті бірмүше деп атайды.
Анықтама2: Бірмүшенің сан көбейткіші оның коэффициенті деп аталады.
Анықтама3: Бірмүше құрамындағы айнымалылардың дәреже көрсеткіштерінің
қосындысы бірмүшенің дәрежесі деп аталады.
Анықтама1: Бірмүшелердің қосындысы көпмүше деп аталады.
Анықтама2: Бірдей немесе коэффициенттері ғана өзгеше бірмүшелерді ұқсас мүшелер деп атайды.
Анықтама3: Ұқсас мүшеледің алгебралық қосындысын оған теңбе-тең бірмүшемен алмастыруды ұқсас мүшелерді біріктіру деп атайды.
Анықтама4: Көпмүшенің дәрежесідеп оның құрамындағы бірмүше дәрежелерінің ең үлкенін айтады.
ІІІ Бекіту кезеңі:
Тақтада орындалатын тапсырмалар: №193, 195, 197, 200, №201
Үй жұмысы: §2, № 199
Қайталауға арналған жаттығулар: 49бет, №212
Бағалау:Оқушылардың белсенділігіне байланысты бағалау.