Математика 7 класс на казахском

Сабақтың тақырыбы: Көпмүше және оның стандарт түрі. Көпмүшелерді қосу және азайту.

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

Реті:23

Пән: алгебра

Сынып: 7 ә 7в

Күні: __12.10______ 11.10___

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Көпмүшелерді және олардың стандарт түрінде жазылуын білу, оларға қосу және азайту амалдарын қолдана білу.

2. Дамытушылық: Көпмүшелерге қосу және азайту амалдарын қолдануды машықтандыру.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Практикалық сабақ

Сабақ барысы: І Мотивациялық кезең:

1) Сәлемдесу

2) Оқушылар тізімін тексеру

3) Сабақтың мақсатымен таныстыру

4) Оқушылардың сұрақтарына жауап беру, талдау.

5) Практикалық бекіту

6)Үйге тапсырма беру

7) Қорытындылау, бағалау

Қайталауға арналған сұрақтар. /Бірмүшелер бойынша/

Анықтама1: Сандардан, айнымалылардан және олардың дәрежелерінен көбейту

амалы арқылы құрастырылған өрнекті бірмүше деп атайды.

Анықтама2: Бірмүшенің сан көбейткіші оның коэффициенті деп аталады.

Анықтама3: Бірмүше құрамындағы айнымалылардың дәреже көрсеткіштерінің

қосындысы бірмүшенің дәрежесі деп аталады.

Анықтама1: Бірмүшелердің қосындысы көпмүше деп аталады.

Анықтама2: Бірдей немесе коэффициенттері ғана өзгеше бірмүшелерді ұқсас мүшелер деп атайды.

Анықтама3: Ұқсас мүшеледің алгебралық қосындысын оған теңбе-тең бірмүшемен алмастыруды ұқсас мүшелерді біріктіру деп атайды.

Анықтама4: Көпмүшенің дәрежесідеп оның құрамындағы бірмүше дәрежелерінің ең үлкенін айтады.

ІІІ Бекіту кезеңі:

Тақтада орындалатын тапсырмалар: №193, 195, 197, 200, №201

Үй жұмысы: §2, № 199

Қайталауға арналған жаттығулар: 49бет, №212

Бағалау:Оқушылардың белсенділігіне байланысты бағалау.

 

Ещё уроки серии

Все 32 урока
  1. Сабақтың тақырыбы: Бірмүшені көпмүшеге көбейту. Есептер шығару
  2. Сабақтың тақырыбы: Екі өрнектің айырымының квадраты . Есептер шығару
  3. Сабақтың тақырыбы: Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу. Есептер шығару.
  4. Сабақтың тақырыбы: Көпмүшені көпмүшеге көбейту
  5. Сабақтың тақырыбы: Көпмүшені көпмүшеге көбейту.. Есептер шығару
  6. Сабақтың тақырыбы: Көпмүшені топтау тәсілімен көбейткіштерге жіктеу
  7. Сабақтың тақырыбы: Көпмүшені топтау тәсілімен көбейткіштерге жіктеу. Есептер шығару
  8. Сабақтың тақырыбы: Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару
  9. Сабақтың тақырыбы: Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару. Есептер шығару
  10. Сабақтың тақырыбы: у=ах2 функцияларының графиктері және қасиеттері.

Математика в 7 классе

Все предметы 7 класса