Сабақтың тақырыбы: Екі өрнектің айырымының квадраты . Есептер шығару

0
997

Реті:39

Пән: алгебра

Сынып: 7 ә 7в

Күні:

Мақсаттары:

Білімділік: Қысқаша көбейту формулаларын, атап айтқанда екі өрнектің айырымының квадраты формуласының ондық бөлшек, жай бөлшек, аралас сан, бүтін оң сандар, теріс оң сандар түрінде берілуін білу

Дамытушылық: Екі өрнектің айырымының квадраты формулаласын практикада дұрыс қолдана білуі, есептеу жылдамдықтарын арттыру.

Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке, ізденуге, еңбектенуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Практикалық сабақ

Сабақтың жоспары: 1) Мотивациялық кезең: түгендеу, сабаққа ынталандыру

2) өткен тақырыпты қорытындылау (1),(2) формулаларының жазылуын және оқылуын сұрау (3-4 минут)

3) Практикалық бекіту /оқулық В,С тобы/

4)Үйге тапсырма беру

5) Қорытындылау, бағалау

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

2)Қайталауға арналған сұрақтар.

Анықтама: Екі өрнектің қосындысының квадраты мен айырмасының квадраты =бірінші мүшесінің квадраты қосу 2еселенген бірінші мүше мен екінші мүшенің көбейтіндісі қосу екінші мүшенің квадраты, яғни

(а±в)2=а2±2ав+в2

Мысалдар: 1. (х±у)2=х2±2ху+у2

  1. (2а+9)2-а(4а+31)=4а2+36а+81-4а2-31а=5а+81

  2. 512=(50+1)2=502+2*50*1+12=2500+100+1=2601

  3. 792=(80-1)2=802-2*80*1+12=6400-160+1=6241

  4. а2±2ав+в2 = (а±в)2

3.Практикалық бөлім /б е к і т у/:

Ауызша есептер:№ 343

Тақтада орындалатын тапсырмалар: №344, 345, 346, 349

Өздігінен шығаратын есептер: №350, №352 /тақ есептер/

Тақтада орындалатын есеп: №351

Үй жұмысы: №№350, №352, /жұп есептер,№353 ережелерді қайталау

Бағалау

Бағалау:Оқушылардың белсенділігіне байланысты бағалау.