Реті:21
Пән: алгебра
Сынып: 7 ә 7в
Күні: __7.10______ 7.10___
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік Бірмүшелерге амалдар қолдану тақырыбы бойынша білімдерін тереңдету
2. Дамытушылық: Бірмүшелерге амалдар қолдану жағдайларында әртүрлі амалдарды қолдана білуі.
3.Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: практикалық сабақ
Сабақ барысы: І Мотивациялық кезең:
1) Сәлемдесу
2) Оқушылар тізімін тексеру
3) Сабақтың мақсатымен таныстыру
4) Оқушылардың сұрақтарына жауап беру, талдау.
5) Үйге тапсырма беру
6) Қорытындылау, бағалау
Қайталауға арналған сұрақтар.
Анықтама1: Сандардан, айнымалылардан және олардың дәрежелерінен көбейту
амалы арқылы құрастырылған өрнекті бірмүше деп атайды.
Анықтама2: Бірмүшенің сан көбейткіші оның коэффициенті деп аталады.
Анықтама3: Бірмүше құрамындағы айнымалылардың дәреже көрсеткіштерінің
қосындысы бірмүшенің дәрежесі деп аталады.
Бірмүшелерді көбейткенде, олардың коэффициенттері көбейтіледі. Бірдей айнымалылардың дәреже көрсеткіштері қосылады, ал бір көбейткіш құрамына ғана енетін айнымалылар сол қалпында қалады, сөйтіп шыққан нәтижелер өзара көбейтіледі.
Бірмүшені дәрежеге шығару үшін әрбір көбейткішті осы дәрежеге шығарып, нәтижелерін көбейтсе жеткілікті.
ІІІ Бекіту кезеңі:
Тақтада орындалатын тапсырмалар: №178, 179, 180
Үй жұмысы: §2, № 181
Қайталауға арналған жаттығулар: Дәреженің қасиеттері.
Бағалау:Оқушылардың белсенділігіне байланысты бағалау.