Математика 7 класс на казахском

Сабақтың тақырыбы: Бірмүшелерді көбейту. Бірмүшелерді дәрежеге шығару. Есептер шығару

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

Реті:21

Пән: алгебра

Сынып: 7 ә 7в

Күні: __7.10______ 7.10___

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік Бірмүшелерге амалдар қолдану тақырыбы бойынша білімдерін тереңдету

2. Дамытушылық: Бірмүшелерге амалдар қолдану жағдайларында әртүрлі амалдарды қолдана білуі.

3.Тәрбиелік: Оқушыларды дәлдікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: практикалық сабақ

Сабақ барысы: І Мотивациялық кезең:

1) Сәлемдесу

2) Оқушылар тізімін тексеру

3) Сабақтың мақсатымен таныстыру

4) Оқушылардың сұрақтарына жауап беру, талдау.

5) Үйге тапсырма беру

6) Қорытындылау, бағалау

Қайталауға арналған сұрақтар.

Анықтама1: Сандардан, айнымалылардан және олардың дәрежелерінен көбейту

амалы арқылы құрастырылған өрнекті бірмүше деп атайды.

Анықтама2: Бірмүшенің сан көбейткіші оның коэффициенті деп аталады.

Анықтама3: Бірмүше құрамындағы айнымалылардың дәреже көрсеткіштерінің

қосындысы бірмүшенің дәрежесі деп аталады.

Бірмүшелерді көбейткенде, олардың коэффициенттері көбейтіледі. Бірдей айнымалылардың дәреже көрсеткіштері қосылады, ал бір көбейткіш құрамына ғана енетін айнымалылар сол қалпында қалады, сөйтіп шыққан нәтижелер өзара көбейтіледі.

Бірмүшені дәрежеге шығару үшін әрбір көбейткішті осы дәрежеге шығарып, нәтижелерін көбейтсе жеткілікті.

ІІІ Бекіту кезеңі:

Тақтада орындалатын тапсырмалар: №178, 179, 180

Үй жұмысы: §2, № 181

Қайталауға арналған жаттығулар: Дәреженің қасиеттері.

Бағалау:Оқушылардың белсенділігіне байланысты бағалау.

 

Ещё уроки серии

Все 32 урока
  1. Сабақтың тақырыбы: «Екі өрнектің кубтарының қосындысы мен айырмасы»
  2. Сабақтың тақырыбы: «Екі өрнектің кубтарының қосындысы мен айырмасын көбейткіштерге жіктеу»
  3. Сабақтың тақырыбы: Бірмүшені көпмүшеге көбейту.
  4. Сабақтың тақырыбы: Бірмүшені көпмүшеге көбейту. Есептер шығару
  5. Сабақтың тақырыбы: Екі өрнектің айырымының квадраты . Есептер шығару
  6. Сабақтың тақырыбы: Көпмүше және оның стандарт түрі. Көпмүшелерді қосу және азайту.
  7. Сабақтың тақырыбы: Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу. Есептер шығару.
  8. Сабақтың тақырыбы: Көпмүшені көпмүшеге көбейту
  9. Сабақтың тақырыбы: Көпмүшені көпмүшеге көбейту.. Есептер шығару
  10. Сабақтың тақырыбы: Көпмүшені топтау тәсілімен көбейткіштерге жіктеу

Математика в 7 классе

Все предметы 7 класса