Сабақтың тақырыбы: Отбасындағы дәстүрлер. Жалқы есімдер
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,
жалқы есімдерді түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;
ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді
құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: жалқы есімді меңгеру, отбасындағы дәстүрлер жөнінде өз пікірін
айта білу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1-4 тапсырмаларды сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ
1-тапсырма. Суреттер бойынша сөйлемдер құрап жазыңдар.
Осы үлгінің негізінде диалог дайындаңдар.
атам – етікші шешем – сатушы
менің ағам – суретші
әкем – ұшқыш әпкем – мұғалім
2 – тапсырма. «Отбасындағы дәстүрлер» мәтінін оқып, сұрақтар құраңдар.
3 – тапсырма. Мәтінді мазмұндап, өз отбасыңдағы дәстүрлер туралы әңгіме дайындаңдар.
Есте сақта! Атаңды ардақта!
Әкеңді сыйла!
Үлкенге құрмет көрсет!
Ережемен жұмыс
Мағынасына қарай ( 2 ):
А) Жалқы есім: Орал, Құрманғазы, Балқаш, «Адай», т.б.
Ә) Жалпы есім: қарындаш, жапырақ, т.б.
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту.
V. Үйге тапсырма
2– тапсырма (Мәтінді мазмұндау)
4 – тапсырма (Деңгейлік тапсырмаларды орындау)
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы бойынша бағалау.
VІІ. Сабақты қорытындылау