Нәтиже сабақ тапсырмалары

0
1830
биология

І. Тыңдалым. Сапалы өнім – жанармай Жер қойнауынан шығып жатқан газ бен мұнайды ежелгі адамдар да байқаған.Олар мұнайды түрлі мақсатта қолданған.Емдеу үшін дәрі жасаған.Соғыс кезінде қару ретінде қолданған.Ал кей жерлерде құрлыс материалы ретінде де пайдаланған. Мұнай – жанғыш, майлы,өзіне тән иісі бар сұйық зат.Жер астынан өндірілген мұнай сол қалпында қолданылмайды.Оны тазартып өңдейді.Өнімді бірнеше бөліктерге айырып алады.Мұнайдан алынған ең сапалы өнім – жанармай.Мұнайдан жанар –жағармай, сұйытылған газ, реактивті отын,мазут, сәлярка ,кірәсін алынады Қазіргі таңда жоғары сұранысқа ие мұнай өнімдерін айтуға болады. Сонымен қатар азық-түлік өнімдері де бүгінгі таңда жоғары сұраныста болып отыр. Осындай сұраныстарды қанағаттандыру үшін мемлекетке жаңа өндіріс орын- дары қажет. Жаңа өндіріс орындарының салынуы жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді. Ал жаңа жұмыс орындарының ашылуы ел экономикасының дамуына үлкен үлес болып қосылады. Қазақстан шикізат өнімдеріне өте бай мемлекет болып саналады І Тыңдалым 1.Сөйлемді толықтырыңыз. Жер қойнауынан шығып жатқан газ бен мұнайды ….. байқаған. А) тұрғындар В) ежелгі адамдар С) мұнайшылар 2.Дұрыс жауапты таңдаңыз. Мұндай қандай зат? А) жанбайтын иісі жоқ қатты зат В) шикі зат С) жанғыш иісі бар сұйық зат 3.Асты сызылған сөзге сұра қойыңыз. Қазақстан шикзат өнімдеріне өте бай мемлекет болып саналады А) қашан? В) қайда? С) неге? 4. Мәтінге сәйкес емес ақпаратты табыңыз. А) мұнай, газ, жанармай В) иісі жоқ, жанбайтын, құнсыз С)өнім,өндіріс орны,реактивті отын 5.Мәтінің түйінін анықтаңыз. А) Ер есімі – ел есінде В)жанармай – табиғат сыйы С) Ағайын тату болса –ас көп ІІ Лексика-грамматикалық тест 1.Үш шақтың бірінде қолданылып, сөйлеушінің шындыққа қатысты баяндауы райдың қай түріне тән? А) шартты рай В) ашық рай С) қалау рай Д) бұйрық рай 2. Шартты райлы етістікті тап. А) Бір көрсем,арманым болмас еді. В) Өзің білесің,біз момақан шаруамыз. С) Теңді шештірме,үйге де әбігер болма. Д) Тамақ жегім келмей тұрғаны. 3.Қай сөйлемде бұйрық рай қолданып тұр? А) Оның қазақ тілін үйренгісі келеді. В) Мен достарыммен киноға барамын. С) Олар үйге ертерек жетсін. Д) Күн жылы болса,тауға шығамыз. 4 Шартты райдың жасалу жолын тап. А) –ғай,-қай В) –мақ,-бақ С) –сын, -сін Д) –сс, -се 5. Бұйрықты, насихатты, тыйымды, іс-әрекеттің орындалуын талап ететін етістіктің рай түрі А. Ашық рай В. Бұйрық рай С. Шартты рай Д. Қалау рай 6. Берілген сөйлемдегі етістіктің райын анықтаңыз. Қазір ол қазақ тілін тереңдетіп оқып жүр. А. Бұйрық рай В. Шартты рай С. Қалау рай Д. Ашық рай 7. І жақта тұрған бұйрық райдағы етістікті табыңыз А. жазсын В. жазайын С. жазыңыз Д. жаз 8. Берілген мақалды аяқта. Ақылың болса,… А. арыңды сақта В. ағайын тату С. ас көп Д. досың жақын 9. Шартты рай етістігін анықтаңыз. А. Айтып келдім. В.Тыңдаса болды. С.Барғым келеді. Д. Біліп отырмыз 10 Етістіктің қанша райы бар екенін анықтаңыз А. 5 В. 3 С. 2 Д. 4 ІІІ. Оқылым Мұнай қашан өндірілді? Қазіргі кезде мұнайды бәрі біледі. Ол болмаса ұшақтар ұшпай, көліктер жүрмей, жарықсыз-жылусыз қалар едік. Адамдар әуелден-ақ мұнайдың қадір-қасиетін білген. Жер бетіне шығып жататын мұнайдан дәрі-дәрмек жасаған. Ал өндіріс үшін оны өңдеу 1859 жылдың 28 тамызында басталыпты. Американдық заңгер Георг Бисселл мұнайдың құрамын тексеру үшін лабораторияға береді. Нәтижесінде оның құрамынан жанар-жағармай, басқа да химиялық қоспалар анықталады.Содан ол 1857 жылы Эдвин Дрейк дегенді жұмысқа жолдайды. Ол әуелі жер астындағы мұнайды шығару үшін бұрғы салады. Бірақ бұрғылаған сайын топырақ құлай береді. Әрі ойлап, бері ойлап ақырында бұрғыны құбырдың ішіне салып бұрғылайды. Осылайша екі жылда 21 метр қазғанда жерден мұнай шығады. Міне, содан бері 156 жыл өтіпті. Мұнай әлі күнге дейін сол әдіспен өндіріліп келеді. 1. Мәтінде ненің пайдасы туралы айтылады? А. Адамның В. Дәрі-дәрмектің С. Мұнайдың Д. Топырақтың 2. Мұнайдан не дайындағанын анықта А. Дәрі-дәрмек В. Ағаш С. Қағаз Д. Кітап 3. Мұнайды өңдеу қай жылдан басталғанын анықтаңыз А. 1989 жыл 28 тамыз В. 1859 жылы 28 тамыз С. 1959 жыл 28 тамыз Д. 1849 жыл 28 тамыз 4. Георг Биссел ненің құрамын анықтамақ болды? А. Жанар-жағармайдың В. химиялық қоспалардың С. Мұнайдың Д. Топырақтың 5. Эдвин Дрик мұнайды шығару үшін не істейді? А. Жерді бұрғылайды В. Бұрғы салады С. Топырақты құлатады. Д. Жерді зерттейді 6. Эдвин Дрик мұнайды жерден неше метр тереңдіктен қанша жылдан кейін шығарады? А. 21 метр, екі жылдан кейін В. 2 метр, 21 жылдан кейін С. 21 метр, 1 жылдан кейін Д. 21 метр . 2 жылдан кейін 7. Мұнайды өндіріп жатқанымызға қанша жыл болды? А. 165 жыл В. 153 жыл С. 155 жыл Д. 156 жыл 8. Мұайды қандай әдіспен өндіріп келеді? А. Бұрғыны құбырдың ішіне салып бұрғылайды В. Жер астына бұрғыны жіберіп бұрғылайды С. Топырақты құлатады Д. Жерді қазады 9. Георг Бисел деген кім? А. Мұнайшы В. Американдық заңгер С. Жұмысшы Д. Зерттеуші 10. Мәтінге сәйкес мақалды тап А. Өнерліге өріс кең В. Бір тал кессең, он тал ек С. Еңбек ер атандырады Д. Жері байдың, елі бай