Сабақтың тақырыбы: Менің досымның мінезі. Реттік сан есім.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,
реттік сан есімді түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;
ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, достарын сыйлауға,
достыққа адал болуға, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, кестемен жұмыс, суреттермен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: реттік сан есімді меңгеру, өз досы жөнінде пікірін айта білу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
3-тапсырманы тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
1-тапсырма. Суреттерге қарап отырып, кестені толтыру.
Кім? |
Қайда? |
Кімге? |
Не істеді? |
… |
… |
… |
… |
Кім? |
Кімге? |
Нені ? |
Не істеді? |
… |
… |
… |
… |
Кім? |
Кімге ? |
Неге? |
Не істеді? |
… |
… |
… |
… |
Ережемен жұмыс
Реттік сан есім : екінші, жетінші, алтыншы, оныншы
Жұрнақтары: -ыншы, -інші, -ншы, -нші
Сұрақтары: нешінші ?
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту
V. Үйге тапсырма
2-тапсырманы орындау
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы бойынша бағалау.
VІІ. Сабақты қорытындылау