Мамандықтар. Сын есім

0
1309

Сабақтың тақырыбы: Мамандықтар. Сын есім

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

сын есімді түсіндіру, сауатты сөйлеу мен жазуға үйрету;

б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,

қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, суреттермен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, инт. тақта, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: сын есімді меңгеру, мамандық туралы өз ойларын айта

білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Өтілген модульді пысықтап, еске түсіру.

ІІІ. Жаңа сабақ

1 – тапсырма. Сурет бойынша мамандықтарды атап шығыңдар. Сөз тіркестерін

құрастырыңдар.

2 – тапсырма. Диалогты оқып, өзара сөйлесіңдер. Үлгі бойынша өздерің диалог

құраңдар.

– Сен кімсің?

– Мен 5 сынып оқушысымын.

– Сенің әкеңнің мамандығы қандай?

– Менің әкемнің мамандығы – дәрігер.

3 – тапсырма. «Мамандықтар» мәтінін мәнерлеп оқып, аударыңдар.Етістіктерді тауып,

қандай шақта тұрғанын анықтаңдар.

Ережемен жұмыс

Сын есім

Заттың сынын, сапасын, түсін, түрін, көлемін білдіретін сөз табы. Сұрақтары: қандай? қай?

1. Құрамына қарай (2):

А) дара сын есім: сары, үлкен, кең, т.б.

Б) күрделі сын есім:

1. біріккен: алқызыл

2. қосарланған: үлкен -кіші

3. тіркескен: қызыл ала

2. Тұлғасына қарай (2):

А) негізгі сын есім: биік, әдемі

Б) туынды сын есім: таулы, еріншек

3. Мағынасына қарай (2):

А) Сапалық сын есім: тәтті, тұщы, тар, ыстық

Б) Қатыстық сын есім:

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

3 – тапсырма («Мамандықтар» мәтінін мазмұндау)

4 – тапсырма.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау