Мазмұндама «Қыс».

0
1428
литература

Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама «Қыс».

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;

ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді

құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: сөздік

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: сауатты жазу, қыс туралы өз ойын жүйелі жеткізу

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Қыс туралы білетін мәліметтерін сұрау.

ІІІ. Жаңа сабақ

Қиын сөздер: жібекке оранды, қаһарлы, т.б.

Мазмұндама

Қыс

Көптен күткен қыс та келді. Жапалақтап қар да жауып, жер бетін жапты. Табиғат аппақ тонын киіп, ағаштар ақ жібекке оранды. Қысқы демалысқа шыққан балалар шана, шаңғы, конькилерін алып, мұз айдынында көңілді ойынды бастады. Сықырлаған аяз терезеге әдемі ою салды. Адамдар жылы киімдерін киіп, үйлеріне от жақты. Қысқы мерекелер: Тәуелсіздік күні мен Жаңа жыл мерекесі. Жаңа жылда балаларға Аяз ата мен Ақшақар көп сыйлықтар берді. Адамдар бір-біріне көп тілектер тіледі. Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қыс – қаһарлы және суық жыл мезгілі. (78 сөз )

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

Өткенді қайталау.

VІ. Бағалау бөлімі

Мазмұндама бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау