Көпбұрыштың периметрі

0
1416
хакер

59 Сабақ

Сабақ тақырыбы: Көпбұрыштың периметрі

Сабақ мақсаты: Көпбұрыштың периметрін табу ережесімен таныстыру.

Сабақ міндеттері:

Білімділік: Периметрді табуға байланысты есептер шығарту.

Дамытушылық:Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру,жылдам,тез есептеуге баулу.

Тәрбиелік:Оқушыларды есеп шығару барысында шапшаңдыққа,жылдамдыққа,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақ типі: Аралас сабақ.

Сабақ түрі: Сайыс сабақ.

Әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап,топтық,жеке,ұжымдық.

Қолданылатын құрал: Интерактивті тақта,кесте.

Сабақ барысы:

1.Алғашқы ұйымдастыру.

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.Оқушыларды үш топқа бөлу,әр топтың топбасшыларын таныстырады.

1 – топ: Үшбұрыш.

2 – топ: Төртбұрыш.

3 – топ: Шаршы.

2.Үй тапсырмасын тексеру.№5,6. Бұрыш түрлері және олардың қасиеттері.

3.Жаңа сабақ.

. Көпбұрыштың периметрі – оның қабырғалары ұзындықтарының қосындысы.

– Балалар,біз бүгін үшбұрыш,төртбұрыштың периметрін табуға байланысты есептер шығарамыз.Әр есептің өзіндік ұпайы бар.Жинаған ұпайына қарай жеңіске жеткен топ анықталады.

№2 – 20 ұпай.

Есеп құрастыр және шығар:

а)Қалам – 50 теңге ә)Қалам – 50 теңге

Дәптер – ?, 40 теңге арзан Дәптер – ? 40 теңге арзан

Шешуі: 50-40 = 10 Барлығы – ?

Жауабы: Дәптер 10 теңге тұрады. Шешуі: 50+(50-40) = 60

Жауабы:Барлығы 60 теңге.

№3 – 30 ұпай.

Өрнекті жаз және оның мәнін тап:

50+а а = 9;42;

50+9 = 59 50+42 = 92

76-а а = 4;40;

76-4 = 72 76-40 = 36

№4. «Кім жылдам?» ойыны. 30 ұпай

60+а = 65 49-а = 43 97-а = 7

№5.Математикалық диктант.30 ұпай

9+2 9+3 9+4 9+5 9+6

8+3 8+4 8+5 8+6 8+7

7+4 7+5 7+6 7+7 9+9

6-тапсырма.Әр топтың басшыларына арналған. 20 ұпай.

Берілген алгоритм бойынша қай топ басшысы дұрыс және бұрын шаршы салып,периметрін табады.

Шаршы салу алгоритмі:

1.Түзу сыз;

2.Оның бойынан 3 см кесінді өлшеп,сал;

3.Кесіндінің ұшынан тік бұрыш сал;

4.Оның қабырғасынан 3 см кесінді өлшеп сал;

5.Кесінді ұшынан тік бұрыш сал;

6.Оның қабырғасынан 2 см кесінді өлшеп,сал;

7.Кесінді ұшынан тік бұрыш сал.

4.Үйге тапсырма. №6

5.Бағалау.

— Әркім көңіл күйіне қарай тиісті бағасы бар геометриялық фигураны таңдайды.

– Кім бәрін түсіндім,сабаққа белсенді қатыстым,беске жауап бердім деп санасы – күлімсіреген үлкен фигураларды алыңдар,яғни өздеріңе «5» қойыңдар.

– Кім жауапты толық бере алмадым,дұрыс жауап бердім,жақсы жұмыс істедім деп ойласа – кішірек фигураны алсын «4».

– Кім ойланатын нәрсе бар,бұл сабақта аз жұмыс істедім,бірақ келесі сабақта міндетті түрде тырысамын десе – көңілсіз «3» фигураны таңдайды.

– Көңілсіз фигураны ешкім таңдап алмайды деп ойлаймын,бәрің жақсы еңбектендіңдер.Сабақ үшін рақмет,балалар!

6.Сабақты қорытындылау.