Көмекшілер. Белгісіздік есімдігі.

0
839
литература

Сабақтың тақырыбы: Көмекшілер. Белгісіздік есімдігі.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

белгісіздік есімдігін түсіндіру, сауатты сөйлеу мен жазуға үйрету;

б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,

қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, суретпен жұмыс, топтық жұмыс, «жұбыңды

тап» ойыны

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер, кеспелер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: белгісіздік есімдігін меңгеру, көмекшілер туралы өз ойларын

айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1 – тапсырма (Мәтінді мазмұндау). Жалпылау есімдігіне 5 сөйлем құрау.

ІІІ. Жаңа сабақ

1-тапсырма. «Көмекшілер» мәтінімен топтық жұмыс.

Мәтінді оқу

Мәтін бойынша сұрақ құрау

Мәтінді мазмұндау

Мәтіндегі тірек сөздерді табу.

Сурет бойынша сөйлемдер құрау

2 – тапсырма. Берілген сөйлемдерден есімдіктерді тауып, морфологиялық талдау жасау.

«Жұбыңды тап» ойыны

сиыр

жылқының

түлкі

аңдар

көмек

төлі

ешкі

көрсету

лақтайды

мөңірейді

орманды

сақ

айлакер

жабайы

үкі

мекендейді

Ережемен жұмыс

Белгісіздік есімдіктері: әлдекім, әлдеқашан, әлдене, кейбіреу, біреу, т.б.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

1 – тапсырма ( «Көмекшілер» мәтінін мазмұндау). Есімдіктері бар мақал-мәтелдер жазу.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау.