Сабақтың тақырыбы: Көбейту кестесі. Болжалдық сан есім.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,
сан есім мен болжалдық сан есімді түсіндіру, сауатты сөйлеу
мен жазуға үйрету;
б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,
қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, сөйлесу, есеп шығару
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, инт. тақта
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: болжалдық сан есімді меңгеру, көбейту кестесін қазақша айта білу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Уақыт өлшемдері туралы сөзжұмбақ құрау.
ІІІ. Жаңа сабақ
1 – тапсырма. Сұрақтарға жауап беру арқылы, сөйлесу құраңдар.
2 – тапсырма. Көбейту кестесін қазақша айтып жаттығыңдар.
2*3=6 3*1=3
2*4=8 3*2=6
2*5=10 3*3=9
2*6=12 3*4=12
2*7=14 3*5=15
3 – тапсырма. Математикалық ұғымдарды қолданып, болжалдық сан есімді қатыстырып,
сөйлем құраңдар.
Пайыз ( % ), алу ( -), қосу ( + ), бөлу ( : ), көбейту (* ), бөлшек ( / )
Ережемен жұмыс
Сан есім – заттың санын, мөлшерін білдіретін сөз табы. Сұрағы: қанша? неше?
Болжалдық сан есім: бірлеген, бірлеп, бірдей, бірлерде, бірге жуық, т.б.
Жұрнақтары: -лаған, -леген, -даған, -деген, -таған,-теген
-лап, -леп, -дап, -деп, -тап, -теп
-дай, -дей, -тай, -тей , есептік сан есім + көптік жалғауы + жатыс септік
жуық, шамалы, қаралы, тарта, астам сөздері
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту
V. Үйге тапсырма
Көбейту кестесіне қарап, есептер шығару.
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы бойынша бағалау
VІІ. Сабақты қорытындылау