Сабақтың тақырыбы: Кім боламын. Келер шақ түрлері.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,
келер шақ пен оның түрлерін түсіндіру, сауатты сөйлеу мен жазуға
үйрету;
б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,
қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, суреттермен жұмыс, өлең оқу
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, инт. тақта, суреттер
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: келер шақты меңгеру, мамандық иелері туралы өз ойларын айта
білу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
3 – тапсырма («Атамның батасы» өлеңін жаттау).
«Білімді маман болу үшін не істеу керек?» тақырыбына кеңес жазу.
ІІІ. Жаңа сабақ
1 – тапсырма. Диалогты толықтырып, өзара сөйлесіңдер.
– Сен кім болғың келеді?
– Мен өскенде ұшқыш болғым келеді. Ал сен ше?
– Мен дәрігер болғым келеді.
2 – тапсырма. Үлгі бойынша өткен, осы келер, шақта шағын әңгіме құраңдар.
Осы шақ: Сабақ кезі туралы жазу.
Өткен шақ: Кеше не істедің?
Келер шақ: Демалысты қалай өткізесің?
3 – тапсырма. Берілген сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңдар.
Живу, я приходил, стоишь, поздравлем, вызываете, подойдет, выпекаете, они ценили, мы попробовали, ты заметил, он вырастил, терпит
Ережемен жұмыс
Етістіктің келер шағы
Ауыспалы келер шақ: -а, -е,- й + жіктік жалғауы: мен ұшамын, ол жүргізеді.
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту
V. Үйге тапсырма
Бес мақал – мәтел жазып, етістіктердің қай шақта тұғанын анықтау.
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы бойынша бағалау.
VІІ. Сабақты қорытындылау