Сабақтың тақырыбы: Кім не істейді? Етістік. Ауыспалы осы шақ
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,
осы шақ пен оның түрлерін түсіндіру, сауатты сөйлеу мен жазуға
үйрету;
б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,
қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, суреттермен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, инт. тақта, суреттер
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: осы шақты меңгеру, мамандық иелер туралы өз ойларын айта
білу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1 – 2 – тапсырма
ІІІ. Жаңа сабақ
1 – тапсырма. Суреттерге қарай отырып, сұрақтарға жазбаша жауап беріңдер.
2 – тапсырма. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.
ІІІ деңгей.
1. Ережені жатқа айтыңдар.
2. «Нан дастарқанға қалай келеді?» мәтінінен етістіктерді тауып, орыс тіліне
аударыңдар.
ІІ деңгей.
1. Ережені жатқа айтып, мысалдар келтіріңдер.
2. «Нан дастарқанға қалай келеді?» мәтінінен етістіктерді тауып жазып, қай шақта
тұрғанын анықтаңдар. Синонимдерін табыңдар.
І деңгей.
1. Әр шақтың айырмашылығын көрсетіңдер.
2. «Қандай мамандық иесі болғың келеді?» тақырыбына шығарма жазыңдар.
Ережемен жұмыс
Ауыспалы осы шақ: -а,-е,-й + жіктік жалғауы (І,ІІ,ІІІ): келеді, барасың, қараймын
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту
V. Үйге тапсырма
2 – тапсырма (Деңгейлік тапсырмалардың 3 тапсырмасы)
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы бойынша бағалау.
VІІ. Сабақты қорытындылау