Кембридж оқытуының тиімді тәсілдерінің еліміздегі білім беру саласына енгізілуі

0
607
информатика

“Мұғaлiм–өзiнiң бiлiмiн үздiкciз iзденiп oтыpғaндa ғaнa мұғaлiм,aл oқуды, iзденудi тoқтaтқaн күнi oның мұғaлiмдiгi де тoқтaйды”деп педaгoг К.Д.Ушинcкий aйтқaндaй бiлiм мен бiлiмдi бoлу–қaзipгi қoғaм дaмуынa ықпaлы зop фaктopлap.Ал педагог өмір бойы оқып,үйренеді.Әлемдегі жаһандану үдерісіне бірінші үлес қосатын, өмірін ізденіспен өткізетін педагогтер.Міне біздің де «Әлем өзгеруде,бізде өзгереміз» деген ұранды ұстанып ,жаңа форматты ұстаз болу үшін Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты бағыттарының бірі-педагог кадрлардың біліктілігін арттырудағы білім беру жүйесінің сапасын жетілдіру және құрылымдық жүйелерінің әрекеттестігі мен өзара тиімділігін арттыруда Кембридж Университеті мамандарының Қазақстан педагогтарына арнайы ұйымдастырған Кембридж тәсілінің теориялық негіздерін елімізге енгізу үлкен жетістік болды. Қазіргі заманауи дамуда тұралап қалған еліміздегі білім беру саласының әлемдік деңгейдегі елдердің білім беру жүйесімен таныса отырып, оның тиімді тұстарын жүйелей келе өз елімізде пайдаланып, іске асыруда үлкен еңбектер атқарылуда.Бұл өзгерістер тек қана педагогтер емес сонымен бірге мектептерде жаңа пәндердің пайда болуымен бірге оқыту әдістемелерін де өзгертуге мүмкіндік туғызды.Біз осы курста бірінші бетпе –бет кезеңінде заманауи оқытудағы негізгі топтастырылған жеті модульмен таныстық.

оқытудағы жаңа әдіс тәсілдер

сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

АКТ және сандық технологияларды білім беруде үйрету

оқыту үшін және оқуды сыни бағалау

дарынды және талантты балалармен жұмыс жүргізу

орта білім берудегі жас ерекшеліктеріне байланысты топтағы психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері

мектептегі басқару жүйесімен көшбасшылық

Бұл аталған модульдердің барлығы жаңаша пікір қалыптастырумен құнды болды.Әдетте мен білім беруде белсенді әдістерді қолданып өтетін жаңа әдістерден хабарым мол деп ойлайтынмын бірақ деңгейлік курстан кейін оның негізгі идеясын педагог тек бағыттаушы ал орындаушы да ,бағалайтын да тіпті керек болса өзіңнің сабағыңа да баға бере алатын құзыретті тұлға оқушы екенін білдім,дәстүрлі оқытудың да кемшін тұсы осында болып тұр.Бұл әдісте оқушыда белсенді іс-әрекет қалыптасады,сыни тұрғыда ойлайды. Сыныпта топтастыру әдісін де бұрыннан яғни СТО-бағдарламасын оқыды деген сертификат алғаннан бері қолданып келемін бірақ негізгі маған ұнағаны топтастырып қана қоймай оны үнемі орындарын ауыстырып отыруымыз керек әйтпесе оқушы дамымайды деген қағида қатты ұнады.Міне осылайша мектептегі зерттеу кезеңінде әрқайсысын қолдана отырып жаңашыл технологияның тиімді, қолайлы,пайдалылығына көзім жетіп, көңілім толды. Яғни ол Курс барысында бір-бірімізге сөз бермей сөйлеп «жоқ»дұрыс емес деп сын айтуға жақын отыратын біздер екі-үш күн өтпей-ақ бір –бірімізбен санасып,екі жұлдыз бір тілекпен сөйлеуді үйрендік.«Алтын ереже»-деп атап топта ережеге сүйеніп, сөйлеу арқылы өзара тәртіп орнаттық.Курста жүргенде бізді қызықтыратын сұрақтар мен мәселелер өте көп болды,топ арасында пікірталастар пайда болып әрқайсымызда құнды ойлар ұсынылып жатты.Бір жақсысы қызу пікірталастың соңы түсіністікпен бір мәмілеге келіп,тренердің түзетулерін дұрыс қабылдап жатамыз.Әр сабағымыз жаңа шешімдер мен жаңа көзқарас туындатты .Тәжірибе кезеңіндегі жоспарлаған іс-әрекетімізді талдап бір-бірімізбен талқылап,пысықтап отырдық. Ағылшын педагог зерттеушісі Джон Дьюидің сыни тұрғысынан ойлауды қалыптастыру идеясында адам баласы қашан болмасын кез-келген жағдайда өз ойын салмақтауда сыни тұрғыдан алып ойласа оқушының тұлғалық бастамасындағы эмоционалдық және зияткерлік іс-әрекеттерін белсендіруге мүмкіндік туғызады,оқушының өз бетінше ойлауға,түсінгенін жүйелі түрде жеткізе білуге жетелейді екен.Ең бастысы оқушы өз ойын еркін түрде жеткізе алады.

«Бізге бұл әдістерді сіздерге үйретіп оны тәжірибеде қолдану,оны ары қарай іске асыру тапсырмалары жайдан –жай беріліп отырған жоқ, оның артында сіздерге үлкен салмақ бар,бұл әдістерді еліміз сонша қаржы бөліп,жағдай жасап уақыт бөліп отырған себебі болашақтағы өзгерістерді байқап оны іс-әрекетте зерттеп, ары қарай бір қорытынды шығару сіздерге міндет, еліміздің болашағына үлкен жауапкершілік артып бара жатырсыздар» деген тренеріміз Гулмира Балтабайқызының барлығымызға үлкен үміт артатынын атап айтты. Курстан алған білім мені және әріптестерімді үлкен үлес қосатын жетістікке жетелейтіні анық.Ендеше іске сәт -деймін!