Жазғы саяхат. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі.

0
843

Сабақтың тақырыбы: Жазғы саяхат. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін түсіндіру, сауатты сөйлеу мен

жазуға үйрету;

б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,

қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, сөйлесу

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, инт. тақта, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін меңгеру, жазғы саяхат туралы өз

ойын айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Жазғы еңбек» тақырыбында әңгіме айтуға дайындалу.

ІІІ. Жаңа сабақ

1 – тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті дыбысты қойып оқыңдар.

Б…з с…ға түстік. С … өт… ж … лы болд … . Б … з шөлд…п, шай ішт … к.

2 – тапсырма. Сөйлемдерден сөз тіркестерін теріп жазыңдар.

Жазда мен ағаммен бірге Астанаға бардым. Астананы мен бірінші рет көрдім.

Астана – үлкен қала. Жазғы Астана өте әдемі екен. Көшелерде неше түрлі гүлдер өсіп тұр. Ағаштары көп, биік. Қаланың қасында өзен бар. Маған Астана өте ұнады.

3 – тапсырма. Диалогты толықтырып, өзара сөйлесіңдер.

– Жазда ауылға бардың ба?

– … .

– Көл жағасында болдың ба?

– … .

– Ауылдағы адамдар қандай жұмыстар істеді?

– … .

Ережемен жұмыс

Қазақ тілінде сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі бар:

бастауыш сөйлемнің басында, баяндауыш сөйлемнің аяғында тұрады. Мысалы:

Біз жазда өзенге шомыламыз.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

«Жазғы саяхат» тақырыбына әңгіме жазу.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау

VІІ. Сабақты қорытындылау