Сабақтың тақырыбы: Екі дос.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет беру, сауатты
жазуға және сөйлеуге үйрету;
ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, достарын сыйлауға,
достыққа адал болуға, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, топшамалар
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: өз досы жөнінде өз пікірін айта білу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
3- 4-тапсырманы тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ
Сөзжұмбақ шешу
Қ А З А Қ С Т А Н
А Қ Ы Л Д АС У
Т Ы Ң Д А У
М І Н Е З
А С Т А Н А
К І Ш І
Ү Н Е М І
1. Біздің Отанымыз қалай аталады?
2. Советоваться сөзінің аудармасы
3. Слушать сөзінің аудармасы
4. Характер сөзінің аудармасы
5. Қазақстанның астанасы
6. Младший сөзінің аудармасы
7.Постоянно сөзінің аудармасы
Семантикалық картаны толтыр
Мысалдар |
Жалқы есім |
Жалпы есім |
Абай |
||
Достық |
||
Өнер |
||
Орал |
||
Жігіттер |
||
Мысалдар |
Дара зат есім |
Күрделі зат есім |
Ауыл өмірі |
||
Шекара |
||
Мектеп |
||
Ауыл-аймақ |
Топшалармен жұмыс
1-тапсырма. Мақал-мәтелдердің жалғасын табу (топшалармен жұмыс)
Жолдасы көптің …
Татулық- табылмас ………
Досы жоқ адам – ..
2-тапсырма. Берілген сөздерге көптік жалғауын жалғап, сөйлем құраңдар.
Дос, жер, мұғалім, адам, кісі,кітапхана, театр.
3-тапсырма.Сөздерді оқып, кім? не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді теріп жаз.
Биік, ұқыпты, ұшқыш, алмұрт, күшті, қызғалдақ, әдемі, әкелді, қайшы, келді, суретші.
4-тапсырма. Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді екі қатарға бөліп жаз.
Торғай, дәрігер, дала, оқушы, кеме, биші, өзен, зейнеткер.
5-тапсырма.Сұрақтарға жауап жаз.
Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?
Мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
Құрамына қарай нешеге бөлінеді?
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту
V. Үйге тапсырма
« Екі дос» әңгіме жазу
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы бойынша бағалау.
VІІ. Сабақты қорытындылау