Сабақтың тақырыбы: Біздің үй. Тәуелдік жалғаулары
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,
тәуелдік жалғауларын түсіндіру, сауатты жазуға және
сөйлеуге үйрету;
ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді
құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, бес жолды өлең
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: тәуелдік жалғауларын меңгеру, үйі жөнінде өз пікірін айта білу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
2-4 – тапсырмаларды тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ
1-тапсырма. «Біздің үй» мәтінін бірнеше рет оқып, орыс тіліне аударыңдар. Соның негізінде өз үйлерің шағын әңгіме жазыңдар.
2 – тапсырма. Төмендегі сөздерден 10 сөйлем құрап жазыңдар. Дыбыс үндестігін табыңдар.
Бес жолды өлең
1. Зат есім – үй
2. Сын есім – үлкен, биік
3. Етістік – тұрғызады, салады, бояйды
4. Сөйлем – Қалада биік үйлерді тез тұрғызады.
5. Синоним – баспана
Ережемен жұмыс
Тәуелдік жалғауы
І жақ. Менің –ым, -ім, -м Біздің – ымыз, -іміз, -мыз, -міз
ІІ ж. Сенің -ың, -ің, -ң Сендердің -ың, -ің, -ң
Сіздің – ыңыз, -іңіз, Сіздердің -ыңыз, -іңіз, -ңыз, -ңіз
– ңыз, -ңіз
ІІІ ж. Оның -сы, -сі, -ы, -і Олардың -сы, -сі, -ы, -і
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту.
V. Үйге тапсырма
3 – тапсырма (сурет бойынша әңгіме құрау)
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы бойынша бағалау.
VІІ. Сабақты қорытындылау