Сабақтың тақырыбы: Біздің қала. Табыс және жатыс септіктері.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,
табыс және жатыс септіктерін түсіндіру , сауатты жазуға және
сөйлеуге үйрету;
ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді
құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, суретпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: табыс және жатыс септіктерін меңгеру, өз қалалары жөнінде өз
пікірін айта білу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
2-тапсырманы сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ
Сөздікпен жұмыс
байлық – богатство өндіріс – производство
мекеме – учреждение зауыт – завод
1-тапсырма. Сұрақтарға дұрыс жауап беріңдер.
2 – тапсырма. Төмендегі сөздерге табыс, жатыс септіктерінің жалғауларын жалғап, көшіріп
жазыңдар.
3-тапсырма. Көп нүктенің орнына табыс, жатыс септіктерінің жалғауларын қойып,
сөйлем құрастырыңдар.
1. «Абай» көшесі …
2. «Самал» ықшамаудан…
3. Теміртау қаласы …
4. Шымкент облысы…
Ережемен жұмыс
Табыс септігінің сұрақтары: кімді? нені?
Жалғаулары: -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті, -н. Мысалы: оқушыны, көшені, т.б.
Жатыс септігінің сұрақтары: кімде? неде? қайда? қашан?
Жалғаулары: -да, -де, -та, -те, -нда, -нде. Мысалы: оқушыда, көшеде, т.б.
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту
V. Үйге тапсырма
Өз қаласындағы немесе ауылындағы ең көрнекті жер туралы сурет салу және әңгімелеу.
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы бойынша бағалау.
VІІ. Сабақты қорытындылау