Сабақтың тақырыбы: Аңсау. Антоним.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,
антонимді түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;
ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді
құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, шығармашылық диктант
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: антонимдерді меңгеру, аңсау жөнінде өз пікірін айта білу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Оқу құралдары жайында шағын әңгіме жазу.
ІІІ. Жаңа сабақ
1-тапсырма. «Аңсау» мәтінін оқып, мазмұнын айтып беріңдер.
Антоним болатын сөзді табыңдар.
2 – тапсырма. Сөйлесуді жалғастырыңыз.
– Сен болашақта қайда оқығың келеді?
– …
– Сен қандай мектепте оқуды армандайсың?
– … .
Шығармашылық диктант
Денсаулық
Денсаулық – зор байлық. Денсаулықты жақсарту үшін дұрыс тамақтанудың, спортпен айналысудың маңызы зор. Денсаулыққа пайдалы спорттың ең қарапайым түрі – жүгіру. Денсаулыққа зиянды заттар – темекі мен алкогольді ішімдіктер.
Денің сау болсын десең, қазірден бастап спортпен шұғылдан.Уақытында тамақ ішіп, таза ауада демалуды әдетке айналдыр.
Ережемен жұмыс
Антоним – мағыналары қарама-қарсы сөздер. Мысалы: кең-тар, бару-келу, қыс-жаз, соғыс-бейбітшілік, аз-көп, аласа-биік, қорқақ-батыр, дұшпан-дос, өтірік-шын, сүю-жек көру, жарық-қараңғы,т.б.
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту.
V. Үйге тапсырма
«Аңсау» мәтінін мазмұндау.
«Байлық, жүгіру, пайдалы, сау, демалу» сөздерінің антонимін табу.
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы бойынша бағалау.
VІІ. Сабақты қорытындылау