Сабақтың тақырыбы: Асық ойыны. Болымды, болымсыз етістіктер.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,
болымды, болымсыз етістікті түсіндіру, сауатты сөйлеу мен жазуға
үйрету;
б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,
қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, асық
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: болымды, болымсыз етістіктерді меңгеру, асық ойыны туралы өз
ойларын айта білу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1 – тапсырма («Игра «Тоғызқұмалақ» мәтінін қазақ тіліне аудару)
ІІІ. Жаңа сабақ
1 – тапсырма. «Асық ойыны» мәтінімен топтық жұмыс.
Мәтінді оқу
Мәтін бойынша сұрақтар құрау
Мәтінді мазмұндау
Мәтіндегі тірек сөздерді табу
Мәтіннен етістіктерді табу
( ойынды ойнау)
2 – тапсырма. Берілген етістіктерден болымды етістіктерді тауып, болымсыз етістіктерге
айналдыру.
3 – тапсырма. Мәтін мазмұны бойынша сөйлесу құрау.
Ережемен жұмыс
Етістік мағынасына қарай екі түрге бөлінеді:
1. Болымды етістік: жазды, айтты, қалды, т.б.
2. Болымсыз етістік: а) –ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе: жазба, айтпа, келме
ә) жоқ, емес: жазған жоқ, айтар емес
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту
V. Үйге тапсырма
1 – тапсырма («Асық ойыны» мәтінін мазмұндау).
Мәтіннен жіктік жалғауы бар сөздерді табу.
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы бойынша бағалау.
VІІ. Сабақты қорытындылау