Сабақтың тақырыбы: «Қай күн?» ойыны. Реттік сан есім.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,
сан есім мен реттік сан есімді түсіндіру, сауатты сөйлеу
мен жазуға үйрету;
б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,
қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, сөйлесу
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, инт. тақта
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: реттік сан есімді меңгеру, уақытты бағалай білу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1 – тапсырма (мақал – мәтелдерді жаттау). Болжалдық сан есімдерге 5 сөйлем құрау.
Қатемен жұмыс.
ІІІ. Жаңа сабақ
1 – тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.
2 – тапсырма. Диалогты оқып, өзара сөйлесіңдер. Реттік сан есімдерді табыңдар.
3 – тапсырма. Сөйлемдерді оқу арқылы «Қай күн?» ойынын ойнаңдар.
Өз ойларыңды білдіріңдер.
1. Дүйсенбі – ең ауыр күн, себебі … .
2. Сейсенбі – ең жеңіл күн, себебі … .
3. Сәрсенбі – сәтті күн, себебі … .
4. Бейсенбі – спорт күні, себебі … .
5. Жұма – қасиетті күн, себебі … .
6. Сенбі – тазалық күні, себебі … .
7. Жексенбі – демалыс күні, себебі … .
Ережемен жұмыс
Сан есім – заттың санын, мөлшерін білдіретін сөз табы. Сұрағы: қанша? неше?
Реттік сан есім: бірінші, екінші, оныншы, алтыншы, т.б.
Жұрнақтары: -ыншы, -інші, -ншы, -нші. Сұрағы: нешінші?
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту
V. Үйге тапсырма
Уақыт өлшемдері туралы сөзжұмбақ құрау.
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы бойынша бағалау
VІІ. Сабақты қорытындылау