21-сабақ.Қайталау

0
611
компьютер

Сабақтың тақырыбы:Қайталау

Мақсаты:Теңдеу және оны шешу жайындағы білімді тиянақтай түсу; теңдеуді құру, оқу, жазу және шешу сияқты іс-әрекеттер орындауға машықтандыру; өзара кері есептер құру және шығаруды пысықтау; көпбұрыштың қабырғаларының ұзындығын өлшеуге жаттықтыру;екі таңбалы сандарды оқуға, жазуға және салыстыруға машықтандыру.

I.Ұйымдастыру сәті.

Ал,кәнекей, балалар,

Бері қарай қаралық.

Қажет құрал,кітапты

Алдымызға алайық.

Алаңдамай басқаға,

Сабаққа назар салайық

Дұрыс есеп шешімін,

Мұқиятпен табайық.

II.Тірек білімді еске түсіру

Ойын: « Кім тауға тез шығады?»

Ойын шарты: Оқушылар тапсырманы екі топтан бір баладан тізбектейшығып орындайды. Ілінген парақтарғаөз мысалын жаза отырып,қояды да, балалардың біреуі сол жақтан, екіншісі оң жақтан көтеріледі. «Тауға көтерілу» дегеніміз – қосындысы 210 болатын 3 санды таңдап алу дегенді білдіреді.Тапсырманы дұрыс, әрі шапшаң орындап тауға бұрын жетіп,жалау тіккен топжеңіске жетеді.

III.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Оқулықпен жұмыс

№1,№2.№4.№5.Оқулықтағы тапсырмаларды өзбетімен орындау

№3. Математикалық диктант Өзіндік тексеру

№6. Есеп шешуі орындалып, берілгенге кері есепті өздігінен құрастырып шығарады.

III.Рефлексия.

Шығармашылық тапсырма.

Еркін пікір алмасу түрінде ұйымдастырылады.

Ойын «Кім жылдам?» 41-бет.

Үй тапсырмасы.41-бет. №7