Сабақ тақырыбы |
Өтілетін тақырып бойынша күтілетін нәтиже |
Тарауда қолданылатын әдіс-тәсілдер |
Ағылшын тілін үйренудегі тіл тосқауылын жеңу |
Оқушылардың тақырыптарды меңгергендігі және алған білімдерін бағалау |
Негізгі дереккөздер |
|
Оқып-үйренудің негізгі мақсаты: Сөйлесім. Диалогтық тәсіл арқылы өтініш, өтінішті орындауға дайын болу және бас тарту (екі жақтан 2-3 репликадан). Өзі туралы ақпаратты айтып, суретті, заттарды, аңдарды және т.б. (тақырып шеңберінде) сипаттай алу (сөз көлемі 5 -6 фраза); Тындалым. Мұғалімнің, сыныптастарының және сол тілде сөйлеушілердің сөзін тікелей қарым-қатынаста түсіну; Оқылым. Таныс тілдік материал негізінде оқу ережелерін сақтай отырып дыбыстау ритмикалық интонациялық дағдыларды көрсете отырып шағын мәтіндерді мәнерлеп оқу, мәтіннен қажетті ақпаратты алу, түсінгенін сурет, кесте, сұраққа жауап ретінде көрсету; Жазылым. Лексикалық минимумның барлық сөзін орфографиялық жағынан дұрыс жазу, сөздерді орнына қою, көрнекілікке сүйене отырып жаттықтырушы тапсырмаларын орындау, жазбаша сұрақ қою және жауап беру; ағылшын тілінде барлық дыбыстардың дұрыс айтылуын ажырата және айта білу; сөздер мен сөз тіркестеріндегі екпіннің дұрыс қойылуы; әр түрлі сөйлемдерде дұрыс интонацияны таңдау: (жай , сұраулы, бұйрықты сөйлемдер) білу; грамматика Present tense of to be; possessive adjectives: my, your, his, her, our, its, their; Pronoun: I, you, he, she, we, they; Imperatives; Questions: What, Where, Which, How old, Numbers; Көрнекілік: Грамматика, Лексика Таныстырылым, таратпа материалдар |
||||||
1,2-сабақ Менің жақын досым 3-сабақ Менің шетелдік досым 4-сабақ Сенің досың қандай? 5-сабақ Досымның хоббиі 6-сабақ Менің мекен жайым |
Grammar: to practice using the structures: Present tense of to be; possessive adjectives: my, your, his, her, our, its, their; Pronoun: I, you, he, she, we, they; Imperatives; Questions: What, Where, Which, How old; Lexis: to practice using vocabulary connected to topic family and friends Reading skills: dialogues and texts contain clear examples of the target structure. Students concentrate only on the meaning of the text. Listening skills: listening for new words, structures Speaking skills: speaking activities are organized in a variety of ways-for pairs, groups or the whole class; task types: personalization exercises, guided drills of grammar points, role-plays, games, interviews, guided discussions Writing skills: writing focused on punctuation, linking, letters and a variety of guided writing activities Sound bite: Vowels, Consonants |
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай оқыту және оқу: оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, бихевиористикалық, танымдық, гуманистік және әлеуметтік-жағдаяттық тәсілдерді дамыту. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер: диалогтік әңгіме (әңгіме-дебат, топтық әңгіме, зерттеушілік әңгіме), сұрақ қою (БЖӘ, түрткі болу, сынақтан өткізу, қайта бағыттау сұрақтары, ЖАДА) Талантты және дарынды балаларды оқыту: кеңейтілген, зияткерлік тапсырмалар, кең көлемді жобалар орындау (шығармашылық, міндетті шешу, дедукция, дедуктивті логикалық ойлауды және зияткерлік қабілеттерін дамыту) Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету: оқушылар пікір алмасу арқылы өз ойларын сыни тұрғыдан жеткізе алу. (ұтқырлық, сынаржақтылықтың болмауы, пайым, тәртіп, өзіндік сана сезім) Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау: бақылау, интерпритация, қорытынды. (оқушылармен бірге критерийлерді талдау, сыныптасын және өзін-өзі бағалау, кері байланысты қамтамасыз ету) Оқытудағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану: тақырыпқа байланысты слайдтармен жұмыс, аудио мәтін, электрондық оқулық, грамматикалық ережелер, сөздікпен жұмыста-ұялы телефон; Оқудағы басқару және көшбасшылық: сабақ барысында оқушыларға бағыт беру, сыни тұрғыдан бағалау, өзгерту және әр оқушының пікірталасқа қатысуына мүмкіндік жасау, көшбасшылық қабілеттерін дамыту. Жаңа сөздікті есте сақтау: «қара-жап-айт-жаз-тексер» қолдану арқылы сөздіктерді жақсы есте сақтау. |
Жаңа лексиканың фонетикалық, лексикалық, орфографиялық қолданылуын меңгерту, сөздікті транскрипциясымен жаздырту; Төмен деңгейлі оқушылар коммуникативтік біліктерін, яғни сөйлесім әрекетінде сөздік қоры аз болғандақтан диалогтық тәсілде қиыншылық тууы мүмкін, деңгейлі тапсырмалар беру. |
1. Формативті бағалау; 2. Өзін өзі бағалау 3. Критериалды бағалау 4. Топ жетекшісінің бағалауы 5. Жұптық бағалау 6. Жиынтық баға |
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім беру академиясының «Шет тілін» оқыту бағдарламасы, 23 тамыз, 2012 №1080 қаулысы; Ағылшын тілі 5, оқулығы, жұмыс дәптері; авторлары: Т. Аяпова, Д. Ұқпаев, 2010 |