10 санының құрамы.

0
1290
литература

50 сабақ

Сабақтың тақырыбы: 10 санының құрамы.

Сабақтың мақсаты: 1.Білімділік: 10 санын екі санның қосындысы түрінде жазу, кез -келген 10-нан кем санды 10-ға дейін толтыру.

2.Дамытушылық: Танымдылығын дамыту, сабаққа қызығушылығын, ойлау қабілетін дамыту.

3.Тәрбиелік: Есептеу дағдыларын күнделікті тұрмыста қолдана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ -жауап, ойын, салыстыру , түсіндіру әдістері

Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу

Сабақтың көрнекіліктері: сандар , сандар құрамы , суреттер.

Сабақтың барысы: І . Ұйымдастыру кезеңі

ІІ.Психологиялық дайындық .

ІІІ. Тірек білімдерін жетілдіру.

1)Ойын: «Тауық жұмыртқасын рет -ретімен орналастыр»

. сандарды өсу ретімен орналастыру.

2) Сандар құрамын қайталау. Ойын : «Кім жылдам?»

9 санының құрамын қайталау.

9 9 9 9

IV. Жаңа материалмен таныстыру .

Практикалық түрінде

1. «Алма жинау» ойынын қолдануға болады.

0+1 1+1 2+1 3+1 ….. 9+1.

-біз 10 санын білеміз . Ендеше бүгін 10 санының құрамымен танысамыз. Алма санау арқылы 10 санының құрамымен танысу.

2. №1 -85 бет

10 10 10 10 10

V.Сергіту сәті.

Бір дегенің -бесігіңді түзеуң

Екі дегенің -Егеменді елдігің

Үш дегенің – ана тілің асылың

Төртіншіңіз -төрелікке сайлаған.

Нұсултандай атамыз бар сыйлаған

Бес дегенің берекелі болғаның

Балдырғандай өніп, өсіп толғаның.

VI.Дәптермен жұмыс №3-85 бет

VIІ. Өзіндік жұмыс №4-86 бет

VIІІ. Логикалық тапсырма . «Керекті бөлікті тап»

Х.Сабақтың қорытындысы.

-Бүгін қандай тақырыппен таныстық?

-Сабақта не істедік?

-Қандай тапсырма қиын болды?

ХІ. Жақсы жұмыс істеген оқушыларды мадақтау.