Сабақтың мақсаты: 1. « Қыста талай қызық бар» бөлімі бойынша алған білімі мен біліктігін қорыту, тест арқылы білімін тиянақтау.2.Қоршаған дүние өзгерісін бақылауға, қыстағы қызықтарды жүйелеп айтуға дағдыландыр. 3.Есте сақтау, спорт түрлерімен шұғылдану, мәдениетті жүйелі сөйлей, өз ойын тұжырымдап, салыстыра білуге баулу.
Сабақтың түрі: Қорытынды саяхат сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ- жауап, тест,баяндау, әңгімелеу.
Көрнекілігі: Қысқы көрініс суреттері, тест материалдары..
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі . |
1.Сабаққа балаларды дайындау, бірге жұмыс істеу маған ұнайтынын хабарлау және олардың назарын сабаққа аудару 2.Сабақ мақсатымен таныстыру. |
ІІ. Қорытындылау сабақ.
1. Кіріспе. – Балалар, біз қандай бөлімді өтіп бітірдік?
– Кәне, кім айтады?
2. Пысықтау жұмысы.
Балалар, бүгін біз осы бөлімді қайталау үшін саяхатқа шығайық.
Ол үшін қандай көлікпен шығатынымызды сайлап алайық. Алдымен мына шана, шаңғы, коньки, атшананың қайсысын таңдаймыз.
Шанамен осы шығармаларды жазған ақын –жазушылардың аулына саяхат жасайық.
– Қандай ақын, жазушылармен таныстық? Ата.
(Міржақып Дулатов,Мағжан Жұмабаев, Зейнолла Шүкіров,Тұманбай Молдағалиев, Қасым Аманжолов, Әнуарбек Дүйсенбиев, Медіхат Төрежанов, Асқар Тоқмағанбетов, Бердібек Соқпақбаев, Қадыр Мырза Әлі, Бүркіт Ысқақов)
Келесі аялдамамызға шаңғымен баралық, өйткені қар қалың ,әрі ну орман екен.
-Қандай өлеңдер жаттадық? Кім жатқа айтып береді?
( Ақша қар. Он алтыншы желтоқсан. Қазақстан. Шырша жыры.Шынықсын денеміз. Қыста қызық жұмыс бар.)
Келесі аялдамаға жеткенше теп- тегіс көк мұз айдыны екен, оған конькимен барайық.
-Қандай шығармаларды оқып,олардан не білдік? Саған ұнаған әңгімені айт.
-Қандай ертегі, аңыз оқыдық?
Сабақты қорыту.
1. – Соңғы шананың жүгі ауыр демекші, соңғы аялдамаға бару керек. Кішкене шаршапта қалдықпа дем алып атшанамен барайық , деп ойланып отырсақ ,бізбен бірге ілесіп жүрген қысқы үскірік аяз хат әкепті.
Ашсақ , мынадай тапсырма күтіп тұр екен. Оны үш топқа бөлініп тез жауап берейік.
Әйтпесе, бізді қатырып қояр.
– Қысқы ойын түрлерін атаңдар.
Қысқы мейрамдарды атаңдар.
Қысқы еңбек түрлерін білесің бе?
2. Бүгінгі саяхатымыздың қорытындысы ретінде «Бөлімді қайталауға арналған тест» бар, соны дұрыс орындасақ, біз үйге тез оралатын шығармыз.
Оқушылардың білімдерін бағалау, қорытындылау.