№61.Сабақтың тақырыбы: Құлақ пен Тымақ

0
751
хакер

Сабақтың мақсаты:

Ана тілі сабағында тыңдау, мәнерлеп нақышына келтіріп рөлмен оқу арқылы сөйлеу әрекетін қалыптастыру.

1. Білімділік:

Дұрыс , түсініп оқуға, мысалдың негізін түсініп, сөйлемдегі сөздің байланысын сұрақ қою арқылы анықтауды меңгерту.

2. Дамытушылық:

Балалардың тілін, ойын, сөздік қорын, ізденушілік қабілетін дамыту.

3. Тәрбиелік:

Оқушыларды әдептілікке, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі:

Сұрақ – жауап, әңгімелеу, рөлмен оқу, ізденушілік, ойын.

Сабақтың көрнекілігі:

Тақырып бойынша суретер, дидактикалық материалдар.

Пан-аралық байланыс:

Қазақ тілі, сурет.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сабаққа балаларды дайындау.

2.Сабақ мақсатымен таныстыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру, қорыту.

– Үйге не берілді?

– Аңыз дегеніміз не?

– Алдаркөсе мен салт атты қайда кездесті?

– Аңызды кім әңгімелеп береді?

Сергіту.

– Кәне, кім жаңылтпашты жаңылмай айтып бере алады?

– Алдаркөсе туралы бұрын қандай аңыз оқып едік?

– Алдаркөсе қандай адам деп ойлайсың?

III . Жаңа сабақ

Кіріспе :

– Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: « Құлақ пен тымақ»

а) суретпен жұмыс

(сұрақ-жауап) 1.

2.

– Мына суреттен нені көріп тұрсыңдар?

– Ол не үшін керек?

– Құлағың үсімес үшін не істеу керек?

– Мына жаңылтпашты дұрыс оқып, жаңылмай айтып көрелік.

Қыста құлағым үсіп кетті,

Үсіп, ісіп кетті.

– Неге?

– Олай болса, балалар, белгілі сықақшы ақын Асқар Тоқмағамбетовтың мысал – өлеңін түсініп оқып көрелік.

Оқулықпен жұмыс. Мысал – өлеңді рөлмен оқу, мазмұнын талдау.

(мәнерлеп оқу)

Дәптермен жұмыс. 1. Жаңылтпашты жатқа жазу.

2. Өздігінен өзі білетін қыстық бас киімдердің атын

жазу. (бөрік, малақай, тымақ т. б

Бекіту.

– Суретке қарап қысқы киімдердің түрлерін атап көріңдерші?

(әр түрлі қыстық, жаздық киімдер суреті)

– Осы сөздермен сөйлем құра.

– Бүгінгі сабақта біз қандай жұмыстар істедік?

– Балалар, осы мысалдан өзіңе қандай үлгі алдыңдар?

Оқушылардың білімдерін бағалау, қорытындылау.