Қазақ тілі 2 класс на казахском

№61.Сабақтың тақырыбы: Құлақ пен Тымақ

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

Сабақтың мақсаты:

Ана тілі сабағында тыңдау, мәнерлеп нақышына келтіріп рөлмен оқу арқылы сөйлеу әрекетін қалыптастыру.

1. Білімділік:

Дұрыс , түсініп оқуға, мысалдың негізін түсініп, сөйлемдегі сөздің байланысын сұрақ қою арқылы анықтауды меңгерту.

2. Дамытушылық:

Балалардың тілін, ойын, сөздік қорын, ізденушілік қабілетін дамыту.

3. Тәрбиелік:

Оқушыларды әдептілікке, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі:

Сұрақ – жауап, әңгімелеу, рөлмен оқу, ізденушілік, ойын.

Сабақтың көрнекілігі:

Тақырып бойынша суретер, дидактикалық материалдар.

Пан-аралық байланыс:

Қазақ тілі, сурет.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сабаққа балаларды дайындау.

2.Сабақ мақсатымен таныстыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру, қорыту.

– Үйге не берілді?

– Аңыз дегеніміз не?

– Алдаркөсе мен салт атты қайда кездесті?

– Аңызды кім әңгімелеп береді?

Сергіту.

– Кәне, кім жаңылтпашты жаңылмай айтып бере алады?

– Алдаркөсе туралы бұрын қандай аңыз оқып едік?

– Алдаркөсе қандай адам деп ойлайсың?

III . Жаңа сабақ

Кіріспе :

– Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: « Құлақ пен тымақ»

а) суретпен жұмыс

(сұрақ-жауап) 1.

2.

– Мына суреттен нені көріп тұрсыңдар?

– Ол не үшін керек?

– Құлағың үсімес үшін не істеу керек?

– Мына жаңылтпашты дұрыс оқып, жаңылмай айтып көрелік.

Қыста құлағым үсіп кетті,

Үсіп, ісіп кетті.

– Неге?

– Олай болса, балалар, белгілі сықақшы ақын Асқар Тоқмағамбетовтың мысал – өлеңін түсініп оқып көрелік.

Оқулықпен жұмыс. Мысал – өлеңді рөлмен оқу, мазмұнын талдау.

(мәнерлеп оқу)

Дәптермен жұмыс. 1. Жаңылтпашты жатқа жазу.

2. Өздігінен өзі білетін қыстық бас киімдердің атын

жазу. (бөрік, малақай, тымақ т. б

Бекіту.

– Суретке қарап қысқы киімдердің түрлерін атап көріңдерші?

(әр түрлі қыстық, жаздық киімдер суреті)

– Осы сөздермен сөйлем құра.

– Бүгінгі сабақта біз қандай жұмыстар істедік?

– Балалар, осы мысалдан өзіңе қандай үлгі алдыңдар?

Оқушылардың білімдерін бағалау, қорытындылау.

 

Ещё уроки серии

Все 131 урок
  1. №59. М. Төрежанов. Өз ізі
  2. №60. Алдар көсе мен салт атты.
  3. №62. Сабақтың тақырыбы. «Шынықсын денеміз». Бердібек Соқпақбаев.
  4. №63. Тақырыбы: Байлық. М.Дулатов. Жұмыстың жылуы. Қ.Мырза Әли.
  5. №64. Сабақтың тақырыбы.«Қыста қызық жұмыс бар » Бүркіт Ысқақов
  6. №65. Мазмұндама
  7. №66. Сабақтың тақырыбы: Бөлімді қайталау. Бөлімді қайталауға арналған тест.
  8. № 67. Тақырыбы: Ата ақылы
  9. №68. Сабақтың тақырыбы: « Қадірлі әкелерім, мейірлі аналарым » бөлімі. Атасы мен неме
  10. №69. Сабақтың тақырыбы. « Шал мен балалар» Спандияр Көбеев

Қазақ тілі в 2 классе

Все предметы 2 класса