Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері: Ермексазбен жұмыс істеуге үйрету; барыс мүсінін құрастыру арқылы ой өрісін дамыту, құрастыруға дағдыландыру және адамгершілікке баулу
Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар: ермексаз, қайшы ,қол орамал.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақ жоспары:
Ұйымдастыру: Оқушылармен сәлемдесу. Оқу-құралдарын реттеу. Қауіпсіздік ережелерін ескерту.
Жаңа сабақ мақсатын қою: Оқушының ой-өрісін дамыту.
Жаңа сабақ: ( Оқулықпен жұмыс) Қазіргі заман талабына сай ермексазбен жұмыс істегенде ережеге көп көңіл бөлу керек. Барыс 1997 жылы қыркүйектің 14-20 күндерінде Алматыда өткен Екінші Азия ойындарының тұмаршасы. Таудың қатал табиғаты оны батыл, еркін, қиындыққа мойымайтын етіп шынықтырған ,осы қасиет спортшыларға дарысын деген ниетпен ырым еткен.
Пысықтау: Кітаппен жұмыс: суретті зерттеп қарау, мүсіннің бейнесін кескішпен және саусақтың ұшымен жасау. Барысты жасап көрелік. Басын, қолдарын,құйрығын киімдерін жеке жасап алып денесін құрастыр.
Қорыту: Балалар, біз бүгінгі сабақта не жасадық? Неге үйрендік? Саған ұнады ма? Адамгершілік деген не деп ойлайсың?
Сабақты қорытындылау:
Бағалау : Жеке оқушыларға қосымша тапсырма беру, өздігінен әшекейлеу
Үйге тапсырма беру : ермексаз әкелу..
Қорыту: Балалар, біз бүгінгі сабақта не жасадық? Неге үйрендік? Саған ұнады ма? Адамгершілік деген не деп ойлайсың?
Сабақты қорытындылау:
Бағалау : Жеке оқушыларға қосымша тапсырма беру, өздігінен әшекейлеу
Үйге тапсырма беру : Бірнеше пішіндер қиып келу.