Қанша? Неше? Есептік және реттік сан есімдер.

0
1023
информатика

Сабақтың тақырыбы: Қанша? Неше? Есептік және реттік сан есімдер.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

есептік және реттік сан есімдерді түсіндіру, сауатты сөйлеу

мен жазуға үйрету;

б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,

қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, сөйлесу, кесте

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, инт. тақта, тірек-сызба

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: есептік және реттік сан есімдерді меңгеру, уақыт туралы өз

ойларын айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

1 – тапсырма (Сөйлесуді жаттау)

ІІІ. Жаңа сабақ

1 – тапсырма. Бір – бірлеріңе сұрақ қойып, жауап беріңдер.

2 – тапсырма. Сызбалар бойынша әңгіме құраңдар. Әңгімеге ат қойыңдар.

Есептік және реттік сан есімдерді қолданыңдар.

3 -тапсырма. Кестеге қарап, уақытты дұрыс құрап үйреніңдер. Сөйлесу құраңдар.

Сағат қанша?

1. сан есім + -дан, -ден, -тан, -тен, -нан, -нен + сан есім кетті.

2. сан есім + – ға , -ге, -қа, -ке + сан есім қалды.

3. сан есім + жарым.

4. тура + сан есім.

Ережемен жұмыс

Сан есім – заттың санын, мөлшерін білдіретін сөз табы. Сұрағы: қанша? неше?

Есептік сан есім: бір, он жеті, жүз отыз үш, т.б. Сұрағы: қанша? неше?

Реттік сан есім: бірінші, он жетінші, жүз отыз үшінші, т.б. Сұрағы: нешінші?

Жұрнақтары: -ыншы, -інші, -ншы, -нші

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

4 – тапсырма

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау

VІІ. Сабақты қорытындылау