Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тақырып туралы мәлімет беру.Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.
Дамытушылық: Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту.Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.
Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер. Грамматикалық кесте
Пәнаралық байланыс: Орыс тілі.Дене шынықтыру
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Сәлемдесу.
2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебебін сұрау, білу.
3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.
II. Өткен сабақты қайталау, пысықтау.
III. Жаңа түсінікті қалыптастыру: 1. Грамматикалық тақырып- біріккен сөздер туралы түсінік қалыптастыру
Біріккен сөздер – екі не одан да көп сөз бірігіп, бір ұғымды білдіретін және бір сұраққа жауап беретін сөздер. Мысалы. Тас+бақа, талды+қорған, Екі+бас+тұз
Біріккен сөздердің емлесі
Ғылымның әр саласында терминдік мәнге ие болған атаулар: баспасөз, еңбеккүн, сүтқоректі
Жан- жанууарлар мен өсімдік атауы: қарақұйрық, түймедақ т.б.
Зат атаулары: еттартқыш, шаңсорғыш
Географиялық атаулар: Жетіқарақшы, Темірқазық
Дене мүшелері: асқаза, ұлтабар, мойыномыртқа
Ән-күй атаулары: Сарыжайлау, Қараторғай
Ауру атаулары: алаөкпе, көкжөтел
Дәстүр атаулары: беташар, тоқымқағар
Ойын атаулары: алтыбақан, ақсүйек
2.Сабақтың құпиялылығы- ребус шешу арқылы сабақтың лексикалық тақырыбын табу.
3.Жаңа сөздермен танысу:
Шыдамдылық- выносливость
Өмірінің ұзаруы- продолжительность жизни
Үйлесімділік- гармония
Сұлулық- красота
Салауатты өмір – здоровый образ жизни
Рухани- духовный
А) Айтылым :жаңа сөздерді дұрыс айту;
Ә) Тілдесім: жаңа сөздерді пайдалана отырып, сөз тіркестерін құрап айту.
4. Кестедегі «Спорттың қажеттілігі» туралы берілген тірек –сызбаға үйініп, айту
Жазылым – дәптерге бірнеше сөйлем құрап жазу.
Үлгі: Спортпен шұғылдану барысында адамның алғырлығы қалыптасады.
Спортпен шұғылдану арқылы адамның оқу мен еңбекке ынтасы артады.
IV. Жаңа сабақты бекіту. Жазылым . Сыныпты 3 топқа бөлу
І топ- шыдамдылық
ІІ топ- үйлесімділік
ІІІ топ- алғырлық сөздеріне фонетикалық талдау жасайды.
V. Сабақты қорыту: Айтылым .Сұрақтарға жауап беріңдер:
– Сіз таңертеңгілік жаттығумен шұғылданасыз ба?
-Сіздерде қай ойынды көбірек ойнайды?
– Жақын арада спорт бәсекелері бола ма?
-Сіздің қалаңыздың спорт сарайына қанша көрермен сыяды?
– Алматыдағы ең үлкен стадион қайсысы?
– Сіз спортпен айналысасыз ба?
VI. Үй тапсырмасын беру: «Денсаулық» тақырыбына 5 мақал жазу, жаттау
VII. Бағалау