Мұғалім: Семенова.Т.Н.
Сабақ:
Айы,күні________________
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,
буын және екпінді түсіндіру, сауатты жазуға және
сөйлеуге үйрету;
ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді
құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, тірек – сызба
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: буынды меңгеру, өзі жөнінде өз пікірін айта білу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
3 -5 тапсырмаларды сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ
1-тапсырма. Сызба бойынша өздерің туралы айтып беріңдер.
ТАНЫСУ
Аты-жөні |
Туған жылы, айы, күні |
Туған жері |
Мекен-жайы |
Ұлты |
Оқитын мектебі, сыныбы |
Бос уақыты |
Ермегі |
2 – тапсырма. Өзің туралы мәліметті толықтыр.
3 – тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып жазыңдар.
атым- … . атың – … .
Менің Сенің
фамилиям – … . фамилияң – … .
… жастамын. … жастасың.
Мен Сен
… қуаныштымын. … қуаныштысың.
Ережемен жұмыс
Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Мысалы: а- та, құ-мырс-қа, та-сы-мал, т.б.
Ашық буын – дауыстыдан болатын немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталатын буын түрі. Мысалы: ша-ға-ла, ә-ке, т.б.
Тұйық буын- дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталатын буын түрі.Мысалы: ел, ес-еп, үш
Бітеу буын-дауыссыздан басталып, дауыссыздан аяқталатын буын түрі.Мысалы: мек-теп, тас, бол.
Екпін – сөз ішінде бір дыбыстың ерекше интонациямен айтылуы. Қазақ тілінде екпін
тұрақты, сөздің соңғы буынына түседі. Мысалы: Қазақстан, машина, т.б.
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту.
V. Үйге тапсырма
4 –тапсырма (Деңгейлік тапсырмаларды орындау)
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы бойынша бағалау.
VІІ. Сабақты қорытындылау