Мұғалім: Семенова.Т.Н.
Сабақ:
Айы,күні________________
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,
түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;
ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді
құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, хат жазу
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: тасымалды меңгеру, мекен – жай жөнінде өз пікірін айта білу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Өзім туралы» тақырыбына жазған әңгімелерін тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ
1-тапсырма. «Менің мекен – жайым» тақырыбындағы сөйлесуді жалғастырыңдар.
– Сен қай Республикада тұрасың?
– … .
– Сен қай облыста тұрасың?
– … .
– Сен қай ауданда тұрасың?
– … .
2 – тапсырма. Бірінші бағандағы сөздерді екінші бағандағы сөздермен мағынасына қарай
сәйкестендіріңдер.
3 – тапсырма. Үлгі бойынша досыңа немесе алыстағы туысқаныңа ,т.б. хат жазыңдар.
Конверттің сыртын үлгі бойынша толтырыңдар.
Үлгі: Кімге? М.А.Досжановаға Кімнен? М.Красиковтан
Шығыс Қазақстан облысы Батыс Қазақстан облысы
Аягөз ауданы Зеленов ауданы
Сандықтас ауылы Калинин ауылы
Д.Бабатайұлы көшесі, 2 үй. Торговая көшесі, 7 үй.
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту.
V. Үйге тапсырма
Сөйлемдер құрап, буынға бөліп жазу.
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы бойынша бағалау.
VІІ. Сабақты қорытындылау