Мұғалім: Семенова.Т.Н.
Сабақ:
Айы,күні________________
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,
буын үндестігін түсіндіру, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;
ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді
құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар
Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: буын үндестігін меңгеру, отбасы жөнінде өз пікірін айта білу;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
«Менің болашақтағы пәтерім» тақырыбында жазған әңгімелерін тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ
1-тапсырма. «Бір үйде біз нешеуміз?» өлеңін оқып, аудару.
Бір үйде біз нешеуміз?
Кел, санайық екеуіміз.
Бас бармақ – әкем,
Балаң үйрек – шешем,
Ортан терек – ағам.
Шылдыр шүмек – мен,
Кішкентай бөбек – сен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз. (А.Сопыбеков)
2 – тапсырма. Диалогты оқып, толықтырыңдар.
3 – тапсырма. Сөйлемдер құрастырыңдар.
… ым … . Менің -ңда
Менің Сенің отбасы … – нда
… ім … . Оның – мда
Ережемен жұмыс
Тәуелдік жалғауы
І жақ. Менің –ым, -ім, -м Біздің – ымыз, -іміз, -мыз, -міз
ІІ ж. Сенің -ың, -ің, -ң Сендердің -ың, -ің, -ң
Сіздің – ыңыз, -іңіз, Сіздердің -ыңыз, -іңіз, -ңыз, -ңіз
– ңыз, -ңіз
ІІІ ж. Оның -сы, -сі, -ы, -і Олардың -сы, -сі, -ы, -і
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту.
V. Үйге тапсырма
1 – тапсырма (Өлеңді жаттау)
4 – тапсырма (Деңгейлік тапсырмаларды орындау)
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысы бойынша бағалау.
VІІ. Сабақты қорытындылау