Қазақ тілі 6 сынып. Сабақтың тақырыбы: Мектепке немен барасың? (б/ж) №5

0
860
химия

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: мектеп туралы алған білімдерін толықтыра түсу. Оқушылардың оқу техникасын күшейту, аударма жұмыстарына көңіл бөлу. Жүйелі сөйлеуге, тақырыпты жүйелі баяндауға үйрету, төселдіру.

Дамытушылық: Тапсырмалар жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың тіл белсенділігін, жазу мәдениетін дамыту.Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сөздерді меңгерту арқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын байыту.

Тәрбиелік: Тазалыққа, ұқыптылыққа баулу.

Сабақтың түрі: бақылау сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу, тіл дамыту.

Сабақтың көрнекілігі: Кітап, суреттер. Грамматикалық кесте

Пәнаралық байланыс: Орыс тілі.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу.

2. Сыныптағы оқушыларды түгендеу, келмеу себебебін сұрау, білу.

3. Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

II. Өткен сабақты қайталау, пысықтау.

III. Жаңа түсінікті қалыптастыру:

1. «Киімдерге қатысты тыйымдар» мәтінімен танысу;

2. «Киімді күту» тақырыбына байланысты өз білетіндерін ортаға салу;

3. Жазылым- 3-тапсырманы жазбаша орындау. Мысалы: Тақия – моншақ, асыл тастармен безендіріледі. Тақияны бір түсті матадан дөңгелек төбелі етіп тігеді. Т.б.

4. «Тымақ» мәтінін 2- тапсырманы оқу, жазбаша сұрақтар дайындау.

Үлгі: Ол қандай бас киім? Оны айырбастайды ма? Қазақта тымақпен байланысты қандай дәстүр бар? Т.б.

IV. Жаңа сабақты бекіту. «Киім күту» постерін дайындау

V. Сабақты қорыту:

-Қасиетті бас киім саналатын не?

-Аяқ киімге қатысты қандай тыйым бар?

-Тонды қалай күтуге болады?

-Бас киімді қалай күту керек? Т.б.

VI. Үй тапсырмасын беру: мәтінді әңгімелеу (111-бет 4- тапсырма)

VII. Бағалау.