Химиялық формулалар. Заттың салыстырмалы молекулалық массасы.

0
4444
английский

Күні

Сабақтың тақырыбы: Химиялық формулалар. Заттың салыстырмалы молекулалық массасы.

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға заттың құрамын химиялық формуламен жазуға болатынын дәлелдеу.Ол заттың құрамына қандай элемент, оның қанша атомы өзара қандай қатынаста кіретінін түсіндіру. Дамытушылық: Заттың химиялық формуласы арқылы, оның салыстырмалы молекулалық массасы есептеуге оқушыларды машықтандыру, есептер шығара отырып ойларын дамыту.

Тәрбиелік: Өз еркімен жұмыс жасауға, ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: Химиялық элементтер таңбасы жазылған кесте.Электрондық оқулық.

Сабақтың түрі : ізендіру, аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері : деңгейлеп оқыту.

Сабақ барысы: Химиялық элемент жайлы түсінікті нақтылап, олардың әрқайсысына тән белгілерін, жай және күрделі зат жайлы түсініктерін тексеру мақсатымен 10 минуттық тексеру жұмысы жүргізіледі.

1-тапсырма. Аттарына сәйкес келетін химиялық элемент таңбасын танып білу. (Мұғалім элемент аты жазылған карточканы көрсетіп , жаппай немесе жеке айтқызады).

2-тапсырма. Элемент таңбасына қарай отырып, атын ата ( енді мұғалім элемент атомының символын көрсетеді, оқушылар оның аталуын табады).

3- тапсырма. Бірнеше элемент символы көрсетіледі.Оқушылар оқулықтағы кестені пйдалана отырып, олардың салыстырмалы атомдық массаларын табады.

Жаңа материалды оқыту: Химиялық формуланын көмегімен жай және күрделі заттардын құрамын қалай білу керек екеніне тоқталамын.

Химиялық формула заттың құрамын химиялық элемент таңбалары және индекстер көмегімен шартты түрде бейнелеу.

Заттың салыстырмалы молекулалық массасы , берілген зат молекуласының массасы көміртек атомы массасының 1/12 бөлігінен неше есе ауыр екенін білдіреді.

Химиялық формула арқылы салыстырмалы молекулалық массасын табамыз:

Мr (H2O) = (2•1)+16=18

Заттың формуласы бойынша мыналарды білуге болады:

Жай немесе күрделі зат.(бір немесе бірнеше атом түрлерінен құралғандығын)

Сапалық құрамы (яғни атомдардың қандай түрлерінен құралған)

Сандық құрамы (яғни әр атом түрінің қаншасы кіреді)

Салыстырмалы молекулалық массасы (яғни берілген молекула массасы м.а.б-нен неше есе көп)

Элементтердің массалық қатынастары.

Төмендегі мысалдардан формула алдына қойылатын коэффиценттің және индекстің мәнін түсіндіреміз – 3O2, 4H20, 3P2O5, H2, 5H, 4H2.

Жаңа материалды қорытындылау:

Тапсырмалар мен сұрақтар беру.

Жай зат азоттың N2 және күрделі зат көмір қышқылының H2CO3 салыстырмалы молекулалық масса сын есептеп шығарыңыз.

Кальций фосфатының Са3(РО4)2 салыстырмалы молекулалық массасын есептеп шығарыңыз.

Химиялық формула дегеніміз не?

Заттың салыстырмалы молекулалық массасы дегеніміз не?

Формулада индекс нені көрсетеді?

Формулада коэффициент нені көрсетеді?

Мына заттардың химиялық формуласын жазыңдар: сутек атомы,сутек молекуласы,оттектің екі атомы,оттектің молекуласы,сутектің екі молекуласы.

Мынадай заттардың химиялық формулаларын оқыңдар: азот қышқылы HNO3, күйдіргіш калий KOH, калий перманганаты KMnO4, тотияйын CuSO4, NaHCO3.

Үйге тапсырма беру. §9. 1-10 жаттығу. Темірболатова.

Бағалау.

химия