6. Көбейтуге берілген бір амалмен шығарылатын есептер

0
1862
английский

Сабақтың тақырыбы: 6. Көбейтуге берілген бір амалмен шығарылатын есептер

Мақсаты: Көбейту амалы, көбейтудің компоненттері туралы алған білімдерін жетілдіру. Көбейтуге берілген бір амалмен шығарылатын есептерді орындауды ұғындыру.

Сабақтың барысы : 1.Ұйымдастыру кезеңі

2. Білім.

Бір бумада 5 кітаптан болса, осындай 4 бумада қанша кітап болады?

5+5+5+5 =20

Бір қорапта 12 қарындаш бар. Осындай 4 қорапта неше қарындаш бар ?

12+12+12+12 = 48

Ал бір қорапта 6 қарындаш бар болса, 6 қорапта неше қарындаш болады?6+6+6+6+6+6 =36

3. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.

4.Түсіну .Есепті оқы. Бір үйде 12 пәтер бар.Дәл осындай 7 үйде неше пәтер бар?

Есептің шешуін түсіндір: 12+12+12+12+12+12+12= 12*7 ,12*7= 84

Жауабы 84 пәтер

Есеп шешуінің жазылуын қалай дұрыс оқу керек?

12-ден 7 рет алу керек

12-ні 7 ретке көбейту керек

12-ні 7-ге көбейту керек

5.Қолдану №2 Есепті шығар.

6.Талдау. Тексер, қатесін тап:

5+5+5+5 = 5*4 2*3< 2*2+3

6+6+4 < 6*3

№4

12*6 = 72 екені белгілі , 12*7 өрнегінің мәнін тап;

3*2=6 екені белгілі, 3*3 өрнегінің мәнін тап;

7.Жинақтау Өтілген материалмен жұмыс

№5 , №6 , №8 есептер шығару

8.Қорытындылау.

Кім жылдам? 7 , № 10 1)Бір гүлшоқта 7 гүл болса, сондай 3 гүлшоқта неше гүл бар? 7*3 = 21

2) Бір бумада 250 парақ болса, сондай 2 бумада неше парақ бар? 250*2= 500

3) Үш сағатта қанша минут бар? 60*3 =180

4) Екі тәулікте қанша сағат бар? 24+24= 48

5) Төрт аптада қанша күн бар? 7*4= 28

9.Үйге тапсырма : № 5 – 10 бет