Математика 3 класс на казахском

6. Көбейтуге берілген бір амалмен шығарылатын есептер

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

Сабақтың тақырыбы: 6. Көбейтуге берілген бір амалмен шығарылатын есептер

Мақсаты: Көбейту амалы, көбейтудің компоненттері туралы алған білімдерін жетілдіру. Көбейтуге берілген бір амалмен шығарылатын есептерді орындауды ұғындыру.

Сабақтың барысы : 1.Ұйымдастыру кезеңі

2. Білім.

Бір бумада 5 кітаптан болса, осындай 4 бумада қанша кітап болады?

5+5+5+5 =20

Бір қорапта 12 қарындаш бар. Осындай 4 қорапта неше қарындаш бар ?

12+12+12+12 = 48

Ал бір қорапта 6 қарындаш бар болса, 6 қорапта неше қарындаш болады?6+6+6+6+6+6 =36

3. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады.

4.Түсіну .Есепті оқы. Бір үйде 12 пәтер бар.Дәл осындай 7 үйде неше пәтер бар?

Есептің шешуін түсіндір: 12+12+12+12+12+12+12= 12*7 ,12*7= 84

Жауабы 84 пәтер

Есеп шешуінің жазылуын қалай дұрыс оқу керек?

12-ден 7 рет алу керек

12-ні 7 ретке көбейту керек

12-ні 7-ге көбейту керек

5.Қолдану №2 Есепті шығар.

6.Талдау. Тексер, қатесін тап:

5+5+5+5 = 5*4 2*3< 2*2+3

6+6+4 < 6*3

№4

12*6 = 72 екені белгілі , 12*7 өрнегінің мәнін тап;

3*2=6 екені белгілі, 3*3 өрнегінің мәнін тап;

7.Жинақтау Өтілген материалмен жұмыс

№5 , №6 , №8 есептер шығару

8.Қорытындылау.

Кім жылдам? №7 , № 10 1)Бір гүлшоқта 7 гүл болса, сондай 3 гүлшоқта неше гүл бар? 7*3 = 21

2) Бір бумада 250 парақ болса, сондай 2 бумада неше парақ бар? 250*2= 500

3) Үш сағатта қанша минут бар? 60*3 =180

4) Екі тәулікте қанша сағат бар? 24+24= 48

5) Төрт аптада қанша күн бар? 7*4= 28

9.Үйге тапсырма : № 5 – 10 бет

 

Ещё уроки серии

Все 70 уроков
  1. 58. Санды өрнектер
  2. 59. Әріпті өрнектер
  3. 60. Көбейту мен бөлуге берілген есептер
  4. 61. Аудан бірлігі квадрат сантиметр
  5. 63. Шаршының ауданы
  6. 64.Палетканы пайдаланып, фигураның ауданын есептеу
  7. 65. 6-ға көбейту және бөлу кестесі .
  8. 66 .Санның бөлігін табуға арналған есептер
  9. 69.. 7ге көбейту және бөлу кестесі
  10. 7. Аудан. Фигуралардың аудандарын салыстыру

Математика в 3 классе

Все предметы 3 класса