№3. Тақырыбы: Малды пайдаға жарату

0
873
математика

Мақсаты: 1. Оқушыларға әңгіменің тақырыбын ашу, талдау жұмыстарын жүргізуге, мазмұнын игеруге, біліктілігін арттыра түсуге көмек беру, жағдай жасау.2. Ауызша сөйлеу дағдылары мен жазбаша тілдерін жетілдіруге ықпал жасау.3. Ата-ананың қадірін білуге, адамгершілік қасиетке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас.

Көрнекілігі: Ы.Алтынсарин портреті, сызба, өлең жолдары

Әдісі: түсіндіру, әңгіме, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.

Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін жатқа сұрау. Білімнің пайдасы туралы не білеміз? «Шоқуменен, тоқуменен, оқуменен» – бәрі де еңбек мәндерін түсіндіріп көр.

ІІІ .Жаңа сабақ: Мұғалімнің түсіндірмесі. «Малды пайдаға жарату» әңгіменің мазмұнын қысқаша баяндау. Ыбырайдың бұл әңгімесі мына өлең жолдары «Ата – енең қартайса,

Тіреу болар бұл оқу» толығырақ түсуіне көмегін тигізеді.

ІҮ. Оқушымен жұмыс жүргізу: Оқушыларға тізбектей дауыстап оқытып шығу. Сөздік жұмысын жүргізу. Мәтін кейіпкерін атау. Оқушылардың түсінігін сұрау.

Ү. Дәптермен жұмыс

Үйші тапқан малын қайда жұмсайды екен?

Төмендегі сызбаға жаз.

Үйшінің қарт әке-шешесіне беретін ақшасы

Үйшінің балаларын оқытып, асырауға кететін қаражаты

ҮІ. Қорыту

Сен ата-анаңның еңбегін қалай ақтар едің?

Әңгімені басқаша қалай атауға болады?

ҮІІ .Үйге тапсырма: 5-6 бет оқу, мазмұнын айту. Бағалау.