Қазақ тілі 2 класс на казахском

№3. Тақырыбы: Малды пайдаға жарату

Опубликовано в 2018 году. Что изменилось в 2026–2027

Мақсаты: 1. Оқушыларға әңгіменің тақырыбын ашу, талдау жұмыстарын жүргізуге, мазмұнын игеруге, біліктілігін арттыра түсуге көмек беру, жағдай жасау.2. Ауызша сөйлеу дағдылары мен жазбаша тілдерін жетілдіруге ықпал жасау.3. Ата-ананың қадірін білуге, адамгершілік қасиетке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас.

Көрнекілігі: Ы.Алтынсарин портреті, сызба, өлең жолдары

Әдісі: түсіндіру, әңгіме, сұрақ-жауап.

Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, сұрау.

Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін жатқа сұрау. Білімнің пайдасы туралы не білеміз? «Шоқуменен, тоқуменен, оқуменен» – бәрі де еңбек мәндерін түсіндіріп көр.

ІІІ .Жаңа сабақ: Мұғалімнің түсіндірмесі. «Малды пайдаға жарату» әңгіменің мазмұнын қысқаша баяндау. Ыбырайдың бұл әңгімесі мына өлең жолдары «Ата – енең қартайса,

Тіреу болар бұл оқу» толығырақ түсуіне көмегін тигізеді.

ІҮ. Оқушымен жұмыс жүргізу: Оқушыларға тізбектей дауыстап оқытып шығу. Сөздік жұмысын жүргізу. Мәтін кейіпкерін атау. Оқушылардың түсінігін сұрау.

Ү. Дәптермен жұмыс

Үйші тапқан малын қайда жұмсайды екен?

Төмендегі сызбаға жаз.

Үйшінің қарт әке-шешесіне беретін ақшасы

Үйшінің балаларын оқытып, асырауға кететін қаражаты

ҮІ. Қорыту

Сен ата-анаңның еңбегін қалай ақтар едің?

Әңгімені басқаша қалай атауға болады?

ҮІІ .Үйге тапсырма: 5-6 бет оқу, мазмұнын айту. Бағалау.

 

Ещё уроки серии

Все 131 урок
  1. №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық
  2. № 4. Тақырыбы: Мектеп – біздің анамыз. Ыстық қой, шіркін, туған жер
  3. №5. А.Байтұрсынұлы .Мен қалай оқуға бардым?.Тақырыбы:А.Байтұрсунов. Мен қалай оқуға бардым? Екі балық. Ата насихаты.
  4. № 6.Тақырыбы: Күн шыққанда
  5. №7. Оқулық
  6. №8. Кітап оқу
  7. №9 . Сабақтың тақырыбы: Зеректік
  8. №10. Сабақтың тақырыбы: Ақылшым мұғалім
  9. № 11 .Тақырыбы: Абай Құнанбаев «Күз».Ұнатамын күзді мен
  10. № 12. Тақырыбы: Бидай мен қаңбақ /мысал / А.Тоқмағанбетов

Қазақ тілі в 2 классе

Все предметы 2 класса