19-сабақ. Қайталау

0
946
информатика

Сабақтың тақырыбы: Қайталау

Мақсаты: Санды өрнектерді (айырмаларды) салыстыру және мәнін табу барысында есептеу тәсілдерін қолдануға жаттықтыру; көпбұрыштың бұрыштарын тік бұрышпен салыстыруды, есеп құрастыру және шығаруды пысықтау; екі таңбалы сандарды оқуға, жазуға және салыстыруға машықтандыру.

I.Ұйымдастыру сәті.

Күздің күні терезеден,

Бізге міне, тұр қарап,

Сондай жақсы көңіл күймен,

Басталады бұл сабақ.

II.Тірек білімді еске түсіру.

Математикалық диктант.

А)Мыналардан тұратын екі таңбалы сандарды жазыңдар:

1онд.5 бірл., 7онд., 8 бірл., 4онд.3 бірл., 5онд.0 бірл., 20 бірл.

Ә)15, 27,36,44 сандарын ондықтардың және бірліктердің қосындысы түрінде жазыңдар.

Өзара тексеру,қателерді талдау.

III.Қайталау.

Оқулықпен жұмыс

№1,№2.

Жұмыс жазбаша орындалады, оқушылар оқулық сұрақтарына жауап береді.Санды өрнектерді салыстыру ерекшеліктері туралы қорытынды жасайды.

№3.Мұғалім басшылығымен ауызша орындау. Теңдеуді сынап көру тәсіліменшешу барысында есептеулер жүргізу біліміне машықтандыру.

№4. «Сандарды тап»ойыны.


№5.А)нұсқасын ауызша орындап, Ә) нұсқасын құру және шығару ұсынылады.Өзара тексеру, шығару нұсқаларын талқылау, кеткен қателерді талдау жұмыстары жүргізіледі.

№6. Топпен жұмыс.Уақыт 2-3 минут. Оқушылар жеке парақ қағазға тапсырманы кескіндеп орындайды. Оқулық сұрақтарына жауап береді.Өз жұмыстарын ортаға салып, көрсетіп береді.

Рефлексия.

№7(А) Өзіндік жұмыс.Жұппен өзара тексеру.Кеткен қателерді талдау.

Үй тапсырмасы. 37-бет. №7(Ә)