§1.9.Қышқылдар мен негіздердің қасиеттеріне еріткіштердің әсері.

0
756
литература

Т ақырыбы

§1. 9.Қышқылдар мен негіздердің қасиеттеріне еріткіштердің әсері.

уақыты

Білімділік мақсаты:

дамытушылық:

тәрбиелік:

қышқылдар және негіздерге еріткіштердің әсері туралы алған білімдерін қалыптастыру;

еріткіштердің түсіндіру, талдау,қорытындылау,есте сақтау,көңіл аудару қабілеттерін жетілдіріп, дамыту;

сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.

Сабақ типі:

Жаңа сабақ .

Сабақ өткізілу түрі:

Мұғалімнің ауызша түсіндіруі, кітаппен өз бетінше жұмыс істеу,жаттығулар орындау.

Құралдар мен реактивтер:

интерактивті тақта, ерігіштік кестесі.

Ұйымдастыру

кезеңі:

( Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау. )

– сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;

– оқушыларды психологи ялық дайындау.

Амандасу . Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.

1-2

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі :

Сабақтың білімділік мақсаты:

– үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;

– білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;

– кеткен кемшіліктерді жою.

1.Айналым бойынша берілген тапсырманы тексеру.

2. Нашар үлгерушілермен жұмыс: кеңесшілер көмегі.

Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:

1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.

Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.Білімді жаңғырту.

(Актуализация )

Білімділік міндеттері: .

-оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру.

-оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;

– оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.

2.Оқыту проблемалары:

Қышқылдар мен негіздердің қасиеттеріне еріткіштердің әсері.

1.Білімді жаңғырту:

.Фронтал ды сұрақтар :

Э лектролит тік диссоциаци яланудың негізгі қағидалары қандай ?

Натрий хлориді және күміс нитраты; натрий гидроксиді және алюминий хлориді арасындағы ион алмасу реакцияларын құрастырыңдар (молекулалық, толық және қысқартылған иондық)

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:

Білімділік міндеттері:

Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету;

– оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды

шығаруға,жүйелеуге қажетті түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету;

– оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау.

2.Мұғалімнің түсіндіруі:

Жаңа сабақты түсіндіру:

Бренстед теориясына сүйеніп , кейбір қызықты деректерді түсінуге болады . Мысалы хлорсутектің молекуласы өте берік , кәдімгі жағдайда және сұйылған күйде электр тогын өткізбейді , себебі иондарға ыдырамайды .Бірақ суда ерігенде ол өзінен протон бөледі , ал ол – бірден су молекуласымен гидраттанады . Протонның гидраттану энергиясы 1130 кДЖ/моль.

+ + 0

Н + Н 2 О = Н О Н гидраттану = -1130кДж/ моль

Хлор ионы да аздаған мөлшерде энергия бөліп гидраттанады

CL + H 2 O = CL * nH 2 O H гидраттану = -322 кДж/моль

Бұл энергиялардың қосындысы хлорсутек молекуласын иондарға ыдыратуға қажет энергия мөлшерінен артық .

+ 0

HCL H + CL H иондану = 1377кДж/моль

Демек хлорсутектің әрбір молін суда еріткенде 1377 + (-1130-322)=-75кДж/млдь жылу бөлінеді , ол ерітіндіні әжептәуір жылытады .

+ 0

HCL+ (n+1) H 2 O H 3 O + CL * nH 2 O H реакция =-75кДж/моль

Бұдан еріген заттың қасиетіне еріткіш , яғни су айтарлықтай ететіні көрінеді . Бұл Аррениустың иондық теориясыда судың судың инертті орта сияқты әсерінің ескерілмеуіне қате болмауына тағы да біздің көзімізді жеткізеді .

Жоғарыда айтылғандай , протонды жеңіл беретін және толығымен иондарға ыдырайтын қышқылдар – күшті қышқылдар , ал протонды қиын беретін – әлсіз қышқылдар болып табылады . Мынадай сұрақтар туындайды : Қышқыл молекуласынан протонды үзіп алуға қажет энергия қайдан алынады ? Бұл жерде енді еріткіштің табиғаты басты рөл атқарады .Судың құрылымы бұрышты , сондықтан ол диполь , электрон бұлтының ығысуынан оның молекуласының оттекті бөлігі теріс зарядталған , сутек атомдары орналасқан бөлігі – оң зарядталған .

Судың дипольдік молекуласын шартты түрде былай белгілейді .

+

Су дипольінің әсерінен қышқыл молекуласынан бөлінетін «жалаңаш» протон Н су молекуласына қосылады , бұл кезде энергияның едәуір мөлшері бөлінеді

+ + + 0

Н + Н 2 О Н * Н 2 О(Н 3 О) Н 1 = – 690 кДж/моль

Бұрын қышқыл молекуласынан протонды үзіп алуға жұмсалған энергияның шығыны гидраттану энергиясының есебінен толықтырылатыны айтылды .Кез келген еріткіш молекуласы еріген заттың протонын қосып алғанда бөлінетін энергияны протонтартқыштық деп айтады және П әріпімен белгілейді .

Егер кейбір маңызды еріткіштерді протонтартқыштықтың азаюы бойынша

орналастырса , мынадай қатар алады .

NH 3 , NH 4 , H 2 O, HCN 3 , HF,HPO 3 , H 2 S ,HNO ,HCL, H 2 SO 4 HBr, HCLO

4

Бұдан екі еріткішті араластырғанда қатардың басына жақын орналасқан негіз ролі атқаратыны, ал қатардың соңына жақын орналасқаны қышқыл болып табылатыны анық көрінеді . Бұ қатардың ортасында орналасқан еріткіштер екідайлы қасиет көрсетеді Бұл тұжырымдаманы дәлелдеу үшін берілген мысалды қарастырайық .

Егер сусыз күкірт қышқылын суда ерітсе , онда протьон су молекуласына қосылады , өйткені оның протонтартқыштығы қышқылға қарағанда жоғары болады .

H

+

H 2 SO 4 + H 3 O H 2 O + H 2 SO 4

Мұндай протолиттерге тән екі жақты әректесудің болуын олардың электөткізгіштігі бойынша қарастыруға болады . Шынынды да олар жекелеген электр тогын мүлдем өткізбейді , бір – бірімен араластырғанда олардың қоспасы электрөткізгіш болып табылады . Бұл олар әрекеттескенде катион мен анионнан тұратын электролиттер түзілуімен түсіндіріледі .

Ерітінділер теориясы:

Физикалық теория Химиялық теория

Еру- диффузия құбылысы. Еру-еритін заттың сумен химиялық

Ерітінділер –біртекті қоспалар әрекеттесуі гидратация деп аталады

Бұл химиялық қосылыс

(Вант-Гофф, Аррениус, Оствальд) (Менделеев,Каблуков, Кистяковский)

Жаңа сабақты қалай қабылдағанын

алғашқы тексеру кезеңі:

Білімділік мақсаты:

1. – оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;

-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;

– кеткен кемшілікті жою жұмыстары;

1.Кітаппен өз бетінше жұмыс: параграфты оқып 1-4,6-8 сұрақтарға жауап беру (36беті).

Білімді қорытындылау және жүйелеу:

-тпсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;

-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау;

Фронталды сұрақтар:

Еріген заттың қасиетіне не қатты әсер етеді?

Кез-келген ерітіндінің молекуласы бөлетін энергияны қалай атаймыз?

Екі еріткішті араластырғанда қандай негізге негіздік қасиет тән болады?

Екі жақты әрекеттесу деген не?

Білімді тексеру

және өз бетінше тексеру кезеңі:

-оқушылардың өтілген материалды қаншалықты дұрыс меңгергенін анықтау;

Оқушылардыңіс-әрекеті мен біліміндегі олқылықтарды анықтау.Кеткен олқылықтардың себебін анықтау.

-оқушылардың өзін –өзі бағалау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.

1 .Дәптерге қажетті мәліметтерді жазу:

Үй тапсырмасын беру кезеңі:

Білімділік міндеттері:

-оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету

1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.

параграф 1,9 оқу. №5– жазбаша орындау. (36бет) .

Сабақ қорытындысын шығару кезеңі.

– жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.