Сыныбы – 10 (ж) сабақ реті: күні________
Тақырыбы
|
§1. 6.Қышқылдар мен негіздердің иондық теориясы. Лабораториялық тәжірибе№1.
|
уақыты
|
Білімділік мақсаты:
дамытушылық:
тәрбиелік:
|
Ерітінділер,қышқыл және негіздердің иондық теориялары, электролиттік диссоциациялану туралы алған білімдерін ары қарай жетілдіре отырып, білімді қалыптастыру;
иондық теорияның қолданылуының шектеулі екендігін газтектес заттар мысалы арқылы түсіндіру, есте сақтау,көңіл аудару қабілеттерін дамыту;
сабақ уақытын бағалауға үйрету,еңбекқорлыққа және пәнге қызығушылығын арттыру.
|
|
Сабақ типі:
|
Жаңа сабақ .
|
|
Сабақ өткізілу түрі:
|
Мұғалімнің ауызша түсіндіруі, кітаппен өз бетінше жұмыс істеу,жаттығулар орындау. 9-ППР-5, 10-ППР-1
|
|
Құралдар мен реактивтер:
|
интерактивті тақта, 9-ППР-5, 10-ППР-1, 0.5г кальций оксиді, индикаторлар, қышқыл,сілті ерітінділері, мыс сульфаты, цинк хлориді
|
|
Ұйымдастыру
кезеңі:
|
( Сабақтың мақсаты мен кезеңдерін анықтау. )
– сабақта қалыпты жұмыс істеуге мүмкіндік жасау ;
– оқушыларды психологи ялық дайындау.
Амандасу . Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.
|
1-2
|
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі :
|
Сабақтың білімділік мақсаты:
– үй тапсырмасының дұрыс, толық орындалғанын тексеру ;
– білімдеріндегі кеткен кемшіліктерді,тапсырма орындау барысында қиындықтарды анықтау ;
– кеткен кемшіліктерді жою.
Айналым бойынша берілген тапсырманы тексеру.
|
5-7
|
Оқушыларды білімді ,саналы және белсенді түрде меңгеруге дайындау кезеңі:
|
1.Сабақ тақырыбын хабарлау.Оқушылармен біріге отырып сабақ мақсатын айқындау.
Жаңа материалды оқып үйренудің практикалық қажеттілігін көрсету. Оқушылардың алдына оқу проблемасын қою.Білімді жаңғырту.
(Актуализация )
Білімділік міндеттері: .
-оқушылардың білім алуға деген ынта-ықыласын жұмылдыру.
-оқушыларды білім алудың мақсаттарын анықтауға;
– оқушылардың материалды бір мезгілде қабылдауы ,ой қорытындыларын жасауы,жалпылай және жүйелей білуі.
2.Оқыту проблемалары:
Ерітінділер .
1.Білімді жаңғырту:
.Фронтал ды сұрақтар :
Э лектролит тік диссоциаци яланудың негізгі қағидалары қандай ?
Қандай заттарды электролит тер және бей электролит тер деп а тайды ?
Мысал келтіріңдер .
ЭД теори ясын кім ұсынды ?
|
3-4
|
Жаңа сабақты түсіндіру кезеңдері:
|
Білімділік міндеттері:
Берілген материалды оқушылардың қабылдауын есте сақтауын қамтамасыз ету;
– оқушылардың білімді қабылдауына,алған білімнен қорытынды
шығаруға,жүйелеуге қажетті түрлі әдіс –тәсілдерді үйрету;
– оқушылардың білімді қайта жаңғырту әдістерін қабылдауы;берілген оқу материалын өз бетінше ұғынуға ,түсініктерді ,заңдарды, анықтамаларды философиялық тұрғыдан түсінуге көмек жасау.
2.Мұғалімнің түсіндіруі:
Жаңа сабақты түсіндіру:
Лабораториялық тәжірибе №1. Аррениус теориясы:
Бұл теорияның негізін 1887 жылы швед ғалымы С. Аррениус салған. С. Аррениустың иондық теориясы қышқылдар сулы ерітінділерінде катион ретінде тек сутек ионын түзетін электролиттер, негіздер- сулы ерітінділерінде диссоциацияланғанда анион ретінде тек гидроксид ионы түзетін электролиттер деп қарастырады.
Қышқылдар сумен әрекетескенде оксони й ионы н түзеді Н 3 О + .
Мысалы : HNO 3 === H + + NO 3 –
НС1———Н + +С1 –
Н 2 SO 4 —-H + +HSO 4 –
HSO 4 – ——-H + +SO 4 2 –
Барлық қышқылдар ерітіндісі үшін сутек ионының болуы қышқылдарыдың қасиетін анықтайды. Қышқылдар- сулы ерітінділерінде диссоциацияланғанда катион ретінде тек сутек ионы түзілетін күрделі заттар Қышқыл анионы деп қышқыл қалдығын атаймыз.
Металл гидроксидтері суда ерігенде гидроксид-ион түзіледі.Сілтілердің суда еру процесі былай жазылады:
NaOH—-Na +OH
Ca(OH) 2 —-Ca + 2OH
Барлық сілтілер ерітіндісі үшін гидроксид -ионының болуы ,негіздердің қасиетін анықтайды. Негіздер- сулы ерітінділерінде диссоциацияланғанда анион ретінде тек гидроксид ионы түзілетін күрделі заттар. Негіздер анионы деп гидроксид тобын атаймыз.
Барлық тұздар ерітіндісі сулы ерітінділерінде диссоцияланғанда металл катионына және қышқыл қалдығы анионына ыдырайды.Мысалы : орта тұздар:
Na 2 SO 4 —2Na+SO 4
KNO 3 —-K+NO 3
Тұздар- сулы ерітінділерінде диссоциацияланғанда металл катионы,сутек анионы түзілетін күрделі заттар.Сулы ерітіндіде барлық иондар гидраттанған түрде болады.
Иондық теорияны қышқылдық негіздік әрекеттесу тұрғысынан қарастырайық:
Н 3 ОС1 +КОН ===КС1 + 2Н 2 О
Н 3 О +ОН ==2Н 2 О.
Бұл процесте оксоний ионыны гидроксид ионымен бейтараптанады.Бұдан шығатын қорытынды қышқылдық қасиет тек оксоний ионына тән,ал негіздік қасиет-гидроксид ионына тән.Бұл иондар өзара байланысып тұз түзеді.
Иондық теорияның қолданылуының шектеулі екендігі .
|
20-22
|
Жаңа сабақты қалай қабылдағанын
алғашқы тексеру кезеңі:
|
Білімділік мақсаты:
1. – оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;
-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;
– кеткен кемшілікті жою жұмыстары; –
9- ЕТЖ -5;10- ЕТЖ -1 дәптерімен жұмыс орындау №1-3, 8 бет (№1)
1. Жаттығу 1-4. кітаптың 28 беті .
|
2-3
|
Білімді қорытындылау және жүйелеу:
|
-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;
-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау;
Жаттығуды тексеру.
Дәптерге жазу .
|
6-7
|
Білімді тексеру және өз бетінше тексеру кезеңі:
|
-оқушылардың өтілген материалды қаншалықты дұрыс меңгергенін анықтау;
Оқушылардыңіс-әрекеті мен біліміндегі олқылықтарды анықтау.Кеткен олқылықтардың себебін анықтау.
-оқушылардың өзін –өзі бағалау қабілеттерін дамытуға жағдай жасау.
1 .Дәптерге қажетті мәліметтерді жазу:
Қорытынды:
*Қышқыл,тұз, негіздердің судағы ерітіндісінің диссоциациялануынан қасиетін сипаттайтын иондар түзіледі.
* Қышқылдар– сулы ерітінділерінде диссоциацияланғанда катион ретінде тек сутек ионын және қышқыл қалдығы ионын түзеді.
*Негіздер- сулы ерітінділерінде диссоциацияланғанда металл катионы, гидроксид анионын түзеді.
* Тұздар– сулы ерітінділерінде диссоциацияланғанда металл катионы,сутек анионы түзеді.
|
3-4
|
Үй тапсырмасын беру кезеңі:
|
Білімділік міндеттері:
-оқушыларға үй тапсырмасының берілу мақсаты ,мазмұны шығарылу жолы түсінікті болуын қамтамасыз ету
1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.
параграф 1,6 оқу. № 5,8– жазбаша орындау. (28бет) .
|
1-2
|
Сабақ қорытындысын шығару кезеңі.
|
– жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.
|
1-2
|