Жазғы еңбек. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі.

0
928
науки информатики

Сабақтың тақырыбы: Жазғы еңбек. Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін түсіндіру, сауатты сөйлеу мен

жазуға үйрету;

б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,

қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, инт. тақта, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін меңгеру, жазғы еңбек туралы өз

ойын айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

3 – тапсырма (деңгейлік тапсырманың 2,3 – тапсырмалары)

ІІІ. Жаңа сабақ

1 – тапсырма. Деңгейлік тапсырмалардағы жеміс – жидектердің атауларымен сөйлем

құрастырыңдар.Диалог дайындап, өзара сөйлесіңдер.

2 – тапсырма. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.

ІІІ деңгей.

1. Суретке қарап, жазда не пісетінін айтыңдар.

2. Кесте бойынша сөйлем құраңдар.

ІІ деңгей.

1. Суретке қарап, жазда не пісетінін айтыңдар.

2. Кесте және суреттер бойынша сөйлем құраңдар.

І деңгей.

1. Сурет бойынша әңгімені жалғастырыңдар. Жаз туралы тағы не білесіңдер?

Әңгімелеңдер?

Ережемен жұмыс

Қазақ тілінде сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі бар:

бастауыш сөйлемнің басында, баяндауыш сөйлемнің аяғында тұрады. Мысалы:

Біз жазда өзенге шомыламыз.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

«Жазғы еңбек» тақырыбында әңгіме айтуға дайындалу.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау

VІІ. Сабақты қорытындылау