Жануарлардың мекені. Жалпылау есімдігі.

0
903

Сабақтың тақырыбы: Жануарлардың мекені. Жалпылау есімдігі.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,

жалпылау есімдігін түсіндіру, сауатты сөйлеу мен жазуға үйрету;

б) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,

қызығушылықтарын оятып, танымдық көзқарастарын

қалыптастыру;

в) тәрбиелік: өз елін, жерін сүюге, мемлекеттік тілді құрметтеуге,

қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, суретпен жұмыс

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: жалпылау есімдігін меңгеру, жануарлардың мекені туралы өз

ойларын айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

2- тапсырма (3-тапсырма)

ІІІ. Жаңа сабақ

1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар. Жоспар бойынша бір жануар туралы әңгіме

құрастырыңдар.

Жоспар:

Жануар

Мекендейтін жері

Қорегі

Адамға пайдасы

2 – тапсырма. Диалогты толықтырыңдар. Есімдіктердің астын сызып, түрін анықтаңдар.

– Үй жануарлары қайда тұрады?

– … .

– Олар қайда қыстайды?

– … .

Ережемен жұмыс

Жалпылау есімдіктері: бәрі, барлығы, барша, түгел, күллі, тегіс, т.б.

ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту

V. Үйге тапсырма

1 – тапсырма (Мәтінді мазмұндау). Жалпылау есімдігіне 5 сөйлем құрау.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.

VІІ. Сабақты қорытындылау