Сабақтың тақырыбы: Тіл дамыту.
Сабақтың мақсаты: а) білімдік: лексикалық және грамматикалық тақырыптарды
қайталау, сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;
ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді
құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: қайталау сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, диалог
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, топшамалар
Пәнаралық байланыс: орыс тілі
Күтілетін нәтиже: өтілген лексикалық және грамматикалық тақырыптарды меңгеру;
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
– Оқушылармен амандасу – Кезекшінің мәліметі
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Тапсырманы сұрау
ІІІ. Жаңа сабақ
«Менің отбасым» тақырыбына диалог құрау
Отбасы тақырбындағы сөздерді еске түсіру.
Ережемен жұмыс
Атау септігінің сұрақтары кім? не? кімдер? нелер?
Жалғауы жоқ. Мысалы: мектеп,адам, әңгіме.
Сауалнама жүргізу.
- Сенің отбасың қандай?
- Отбасыңда неше адам бар?
- Отбасыңды жақсы көресің бе?
- Отбасыңда қандай қызықтар болды?
ІV. Бекіту бөлімі
Сұрақтар қою арқылы бекіту.
V. Үйге тапсырма
Өткенді қайталау.
VІ. Бағалау бөлімі
Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау
VІІ. Сабақты қорытындылау