49 Сабақ
Сабақтың тақырыбы: Тік төртбұрыш. Есепті әр түрлі әдістермен шығару.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тік төртбұрыш туралы білім беру. Есепті әр түрлі
әдістермен шығаруды пысықтау.
Тәрбиелік: Топтың және өз бетімен еркін жұмыс жасай білуге,
шапшаңдылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Қызығушылықтарын арттыра отырып, танымдық
қабілеттерін, логикалық ойлауын,математикалық сөйлеу тілдерін
дамыту.
Сабақтың әдісі: Байқау-бақылау, талдау, сто, топтық жұмыс.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта,,сәйкестендіру, топтастыру плакаты, жетондар, т.б.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.
а) Амандасу.
ә) Психолгиялық дайындық.
Күн жарқырап аспанда,
Жарқын нұрын шашады.
Барлық әлем жылынып,
Көңілдерін ашады.
Жылы шуақ шашады.
Ал,біз көңілімізді лебіз тілектер жазып білдірелік (бір-біріне береді)
-Тілектеріңіз орындалсын!
Бүгінгі сабақ 2 топқа бөлініп ойын түрінде жұмыс жүргізіледі.
Банк немен айналысады?
Жалақы береді,несие береді?
Қаламызда қандай банктер бар?
Топтарға ат қою.
Халық банк, 1топ
Тұран әлем, 2топ
Банк басшысы кім?(банкир,банкші)
Тағы кімдер жұмыс жасайды? Әр топ басшысы банкир деп сайланады.
Міндеттеріңіз:математикада алған білімдеріңізді осы қызметте отырып,қаламыздың көркеюуіне үлес қосу.
-Банкте немен жұмыс жасайды?
-Компьютермен.
-Сендердің білімдерің осы компьютерде сабақ бойы есептелініп отырады.
Бағалау парағы:
2.Үй тапсырмасын тексеру. Өзара тексеру,бағалау (шығармашылық жұмыстар)
Банкте жұмыс жасайтын адамның қабілеті қандай болады?
-Ал сендер болашақ банкирлер ретінде қандай қасиеттеріңмен көрінесіңдер?
Ол үшін мына тапсырманы орындаңдар.
3.Жаңа сабақ.
№1 а) Фигураларды ата. Фигуралардың бұрыштары қандай?
2- тапсырма.
Азамат – 5 жасыл
Болат – 3 қызыл және 2 көк
Барлығы – ?
Шешуі: 5+(3+2)=10 (ж) Теңдіктерді салыстыр. Не байқадың?
(5+3)+2=10 (ж)
(5+2)+3=10 (ж)
Жауабы: 10 жалауша.
3-тапсырма.
а) 6+4 және 4+ 6 70+30 дәне 30+70
Мұнда қосылғыштардың орны ауысып тұр, бірақ қосындының мәні өзгермейді.
Бұл – қосудың ауыстырымдылық қасиеті.
ә) 6+(1+3) (6+3) +1 (6+1)+3 1+(6+3)
Мұнда көршілес қосылғыштар жақшаға алынып, қосынды түрінде жазылған, бірақ қосындының мәні өзгермейді.
Бұл – қосудың терімділік қасиеті.
Сергіту сәті.
4-тапсырма.Бос тор көздерді толтыр.
11 |
2 |
4 |
||
8 |
6 |
4.Сабақты қорыту.
5.Үйге тапсырма №6
6. Оқушыларды бағалау.