Тік бұрыш және тік емес бұрыш.

0
2105

11-сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Тік бұрыш және тік емес бұрыш.

Мақсаты: Тік бұрыш және тік емес бұрыш жайында түсінік беру; бұрыштарды бір-бірімен салыстыру тәсілі арқылы көрсету; өзара кері есептер тобы ретінде қалдықты және белгісіз азайғыш пен азайтқышты табумен байланысты есептерді шығару жолдарымен таныстыру; екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру жайындағы білімді бекіте түсу.

I.Ұйымдастыру сәті

Күлкі сыйла достарыңа,3

Оралады өзіңе,

Сиқырла деп сақтасаң да,

Жоғалады кенеттен,

Сыйлай біл,

Алмастыра біл,

Оралады саған да3

ІІ.Тірек білім, білік, дағдыларды еске түсіру.

А)Ойын: Шар жинау.

Клоунға шарларын жинап алуға көмектесіңдер, ол үшін сандардың ондық, бірлігін ажыратып беріңдер.

Ә)Практикалық жұмыс

Оқушылар алдарындағы тіктөртбұрыш тәріздес парақ қағазды алып,оны екі қабаттап бүктейді. Содан кейін осы амал әрекетті тағы бір рет қайталайды. Шыққан бұрыштың тік екеніне көздерін жеткізеді. Оқушылар сол тік бұрыштың көмегімен дәптердің, оқулықтың, сызғыштың т,б заттардың тік бұрыштарын анықтайды.

III.Жаңа материалмен жұмыс.

Оқулықпен жұмыс

№1.Оқушылар тік бұрыштың моделін пайдаланып, беттестіру арқылы тік және тік емес бұрыштарды анықтап, қорытынды жасайды.

№2.Оқушылар тік және тік емес бұрштарды екі топқа бөліп, нөмірлерін теріп жазады.

4. Есептерге граф құрып, талдап, орындайды. Есептердің өзара кері екенін дәлелдейді.

№5,№6.

Рефлексия.

Шығармашылық жұмыс.

Суреттен қуыршақтың қай мүшесі тік бұрышы бар фигурадан құрастырылғанын анықта.

Тапсырма:

Үй тапсырмасы. 22-бет. №3.