Тәжірибелік жұмыс Тақырыбы: «Түйіндеме»

0
999

Тәжірибелік жұмыс
Тақырыбы: «Түйіндеме»
Жұмыстың мақсаты: Түйіндеме құжатын компьютерде сауатты құрастырып үйрену.
Қысқаша теориялық мәліметтер
Түйіндеме француз тілінен алынған термин. «Айтылған я жазылған мәселенің қысқаша түйіні» деген мағына береді.
Түйіндеме. Қазіргі нарық заманында жұмысқа тұру, жұмысқа қабылдану кезінде құжаттың жаңа түрі өмірбаян-түйіндеме жазылады.
Түйіндеме – талапкердің өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі туралы қысқаша жазылған құжат.
Көптеген ұйымдарда жұмысқа орналасушы адамға өмірбаянның тұтас мәтінінің орнына арнайы бланкіде өмірбаян-түйіндеме жазу ұсынылады. Түйіндеменің мазмұнында жұмыс беруші ұйымға қандай мәлімет керек болса, сол тұралы сұралады. Түйіндемедегі мөліметтер керсінше тәртіппен жазылады. Түйіндеме сіздің кең көлеміндегі визит карточкаңыз іспеттес. Түйіндеме жазуда сіздің мақсатыңыз – өз өмірбаяныңыз бен жұмыс тәжирибеңізді, мамандығыңызды, икемділігіңізді ұтымды көрсете білу. Осы арқылы ойлаған жұмыс орнына қол жеткізу. Түйіндеме құрастыруды неден бастау керек? Алдымен мына құжаттарды дайындап алыңыз:
1) орта білім туралы аттестат;
2) орта арнаулы білім туралы диплом;
3) түрлі курстарды (шет тілдері, бухгалтерлік, іс жүргізушілік, қайта даярлау, біліктілікті арттыру т.б.) бітіргендігіңіз жөніндегі куәлік;
4) еңбек кітапшасы немесе оның көшірмесі;
5) алған наградаларыңыз жөніндегі құжат;
6) соңғы оқу орыннан немесе жұмыс орыннан алған мінездемелеріңіз.
Қызмет бабымен, турист ретінде жасаған шетелдік сапарларыңыз да көрсетіледі. Жеңіл машина немесе транспорттың басқа түрін жүргізе алатындығыңызды көрсету де артық болмайды.Сіздің маман ретіндегі бейнеңізді толықтыратын, аша түсетін өз мінезіңіздің кейбір жақсы қырларын да атап өтіңіз. Мәліметтерді дайындап алғаннае кейін резюме жазып шығу қиын болмайды. Мәліметтерді резюмеде берудің 2 жолы бар: хронологиялық және функциональдық.

Түйіндеменің құрылымы:
• Құжат аты;
• Талапкер туралы мәлімет (аты-жөні, фамилиясы, туған күні мен жылы, туған жері);
• Мекен-жайы, телефоны;
• Автордың үміттеніп отырған вакансиясы;
• Үміткердің жұмыс орны, оқыған оқу орны, атқарған қызметі;
• Қоғамдық, кәсіптік жұмыстары туралы мәлімет;
• Қосымша мәлімет (шет тілдері, түрлі курстар, шетел сапарлары);
• Ғылыми дәрежесі;
• Кепілдеме;
• Мерзімі;
• Қолы.
Жұмыс барысы:
1. Құжат атауын жолдын ортасында жазыңыз ( ТҮЙІНДЕМЕ ).
2. Келесі жолда аты-жөніңізді атау септікте жазыңыз
( Т.А.Ә.: Оспанов Қайрат Қанатұлы)
3. Мекенжайы:
(Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар қ., Кутузов к-сі, 16-үй, 75-п.
4. Телефоныңызды жазыңыз.
(Телефоны: 8(7182) 34-12-78, ұялы б.: 8-7775662828
5. Сізде е-mail болса, оны да көрсету артық болмайды:
( E-mail: ospanov.@yahoo )
6. 2 жоларалық интервалды қойып, «Жалпы ақпарат» деп жазыңыз, оның ішінде тұған жылыңыз, ұлтыңыз, жынысыңыз, отбасы жағдайыңыз және де азаматтығыңыз туралы мәлімет беріледі:
Жалпы ақпарат Туған жылы: 1982 жылғы 31 тамыз
Ұлты қазақ
Жынысы ер
Отбасы жағдайы: үйленбеген
Азаматтығы; Қазақстан Республикасы
7. Келесі жолдан бастап істеген жұмыс орындарыңыз туралы мәлімет беріңіз:
Жұмыс өтілі:
№ Жұмыс Істеген жылдары Мекеменің атауы Лауазым атауы Орналасқан жері
1. 2004-2007жж. «Қазақстан темір жолы»ҰК» АҚ ПФ теміржолшы Павлодар қ.

Егер сіздің еңбек өтіліңіз көп болса, онда хронология бойынша көрсеткеніңіз дұрыс.
8. Келесі түйіндеменің бөлігі сіздің біліміңіз туралы:
Білімі:
-орта
№ Оқыған жылдары Оқу орнының атауы Орналасқан жері
1 1989-1999жж. Қ. Бекхожин ат.№ 12 ЖОББМ Павлодар қ.

-орта арнаулы
№ Оқыған жылдары Оқу орнының атауы Мамандығы Орналасқан жері
1. 1999-2003жж. «Павлодар көлік және коммуникациялар колледжі» КМҚК 1409000 «Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы»
(Техниик-жолшы-құрылысшы) Павлодар қ.

9. Содан кейін шет тілдерді білу деңгейіңіз жөнінде:
Тілді білуі: қазақша-ана тілім, орысша-еркін, ағылшынша-өте жақсы
10. Келесі құжат жолында компьютерде жұмыс істеу деңгейіңіз:
Компьютерді игеруі: дербес компьютерді жетік қолданушы
11. Енді өз мінезіңіздің кейбір жақсы қырларын да атап өтіңіз:
Жеке қасиеттері: жауапкершіліктік, мақсаттылық, жан-жақтылық, ұйымдастырушылық және басқарушылық қабілеттері,алдына қойған міндеттерге шығармашылық көзқарас, талапшыл, ұжыммен істей білуі және т.б.
12. Кейбір қосымша мәліметтер (жетістіктеріңіз туралы грамоталар, марапаттау қағаздар, сертификаттар) :
Қосымша ақпараттар:
13. Бос уақытыңыздың өтуі:
Құштарлығы: кітап оқу, гитарада ойнау, ғаламтордан қызықты мәліметті жинақтау
14. Соңғы жұмыс істеген орындардан немесе оқыған оқу орныннан мінездемеңіз болса келесідей көрсетіңіз:
Ұсыным хаты түйіндемеге тіркелген.